Сатпаевтағы бұзақылыққа қатысқандар сотталды

Айшуақ Арай

14.05.2021, 17:07

984

Былтырғы жылы 24 шілдеде Сатпаев қаласында болған  жаппай бұзақылыққа қатысқандарға байланысты сот үкімі шықты. Бұл іс  Қарағанды қаласындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сотта қаралған болатын.   Айып тағылған 55  күдіктінің арасында 6 әйел адам бар. Оның ішінде он адам  ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып беріп, үй қамақта отырған еді. Қалғандары тоғыз айдан бері қамауда. Олардың барлығына Қылмыстық кодексінің  " Жаппай тәртіпсіздік " және " Билік өкілдеріне қысым көрсету " бабы бойынша айып тағылған. Айыптаушылардың барлығы сол түні қыз баланы іздеуге шыққандарын, бұзақылыққа қатысуға ниеттерінің болмағанын мәлімдеген.  Күдіктілер  ішінде Сатпаев қаласы тұрғындары мен қоса студенттер мен волонтерлер де  бар. Күдіктілер кінәларын мойындауға қатысты процессуалдық келісімге қол қойған, яғни олардың кейбірі қылмысын толық мойындаса, енді бірі  жартылай мойындаған. Сот үкімімен бұзақылық жасаған 9 айыпталушы үш жылға бас бостандығынан айрылды. 44 адамға  4 жыл шартты түрде жаза кесілді. Сондай — ақ тағы екі күдіктіге бір жарым жыл шартты жаза берілді.Еске сала кетсек, былтырғы жылы 23 шілдеде Сатпаев тұрғыны кішкентай бүлдіршінді ұрлап әкетіп зорлық көрсеткен соң, топтасқан бірнеше адам түнде жаппай бұзақылық көрсеткен. Бұл түнде бірнеше полицияның және жергілікті тұрғындардың көлігін бұзақылар қиратып,  жағып жіберген. Полиция қызметкерлерінің арасында соққыға жығылғандары да бар. Ал балаға зорлық көрсетті деп айыпталған ер адам бірнеше ай өткен соң түрмеде өз өзіне қол жұмсап көз жұмған. Бала ұрлауға және зорлыққа  қатысы  бар деген басқа  екі күдіктіге қатысты сот өтіп жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарлы БАЙҒАНИН 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27