Саудияда 15 жасқа дейін неке қиюға тыйым салынбақ

11.01.2019, 17:57

109

Болашақта Біріккен Араб Әмірліктерінде жасы 15-ке толмаған қыз – жігіттерге отбасын құруларына рұқсат берілмеуі мүмкін. Елдің консультативті кеңесі болып табылатын Меджлис аш – Шура осындай талап қоюда. Бұл туралы аталмыш құзырлы орган Twitter әлеуметтік желісіндегі микроблогында жазды деп хабарлайды «Toppress.kz»  «РИА Новостиге» сілтеме жасап.Меджлис аш – Шура 18 жасқа толмағандардың үйлену мәселесіне қатысты шешім шығару құзіретін арнайы сотқа тапсырмақ. Былтырғы жылдың шілде айында елдегі бірқатар депутаттар 15 жасқа толмаған қыз балаларға тұрмыс құруға рұқсат бермеуді талап еткен болатын. Сондай –ақ, жасы 18-ге толған бойжеткен өзінің және анасының қалауымен ғана тұрмыс құра алады. Оның өзінде арнайы медициналық сараптаманың қорытындысы болуы керек. Яғни, жас қыз жыныстық өмірді бастауға дайын екендігі расталуы қажет.Жалпы, Сауд Арабиясының депутаттары осы уақытқа дейін балалардың құқығын қорғау мақсатында бірнеше бастамаларды қолға алып жүргендігі рас. Әсіресе, ерте жастайынан күйеуге шығуға мәжбүрлейтін қыздардың тағдыры халық қалаулыларын қатты алаңдатып отыр.Фото: bigpicture.ru 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15