04.03.2021, 14:14
1797
Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов министрліктің сәуір айына арналған болжамымен бөлісті.
«Ақпан мен наурыздың басындағы тенденцияларды ескере отырып, қысқа мерзімді, орта мерзімді есеппен сәуірде коронавирустық инфекцияны 13-тен 20 мыңға дейін науқас жұқтырады деп болжанды. Мен сәуір айы туралы айтып жатырмын. Мен тағы бір рет қайталаймын, деректерді әр екі апта сайын тұрақты түрде жаңартып отырамыз. Барлығы болжам ғана, модельдер оптимистік және шынайы болжамдарды ескере отырып жаңартылады», — деді Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов алдағы уақытта Қазақстанда коронавирустың былтырғы жағдайы қайталануы мүмкін емес деп хабарлаған болатын.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР