Саусағы жоқ суретші әкімнің суретін салды

19.12.2018, 21:33

210

Ақтөбеде он саусағынан айрылған Василий МОРОЗОВ  Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ суретін салды. Бірақ, бас кейіпкердің өзі картинаны көрмепті. Автор да  әкімге туындысын көрсетуге асығатын емес. Тіпті, Бердібек Сапарбаевпен өмірі кездесіп көрмеген.-Достарым әкімнің суретін салып көрсеңші деп қолқалаған. Содан былай ол кісіні теледидардан көргенім болмаса, жеке қабылдауында болған емеспін. Интернеттен суретін таптым да, соған қарап салдым. Әуелі қарындашпен кескініндеме салдым, сосын  краскамен боядым. Сапарбаевтың суретін екі күн салдым. Ол кісі жұмысбасты ғой, сондықтан кездесу-кездеспеуіміз екіталай ғой. Тіпті,  туындыммен таныстырам деген ойым да болмапты. Жалпы,  сурет салу- хобииім, кәсіби суретші емеспін ғой, — дейді суретші.Василий Морозов осыдан екі жыл бұрын екі қолын үсіріп алған. Жалындап тұрған жас жігіт әрі-бері дәрігерлерді жағалағанымен, ота жасап, саусақтарын кеспеске амал жоқ екендігін түсіндіреді. Отадан соң жас жігіт біраз қиналады.  Оқу орнын аяқтап, жұмысқа араласып, электро-механик болып жүрген жерінен еңбекке жарамай қалу- жас жігітке оңай соқпайды. Дәрігерлер болса,  бұлшықетті дамытпаса, қолдың семіп қалуы мүмкін екендігін түсіндіреді. Сол кезден бастап Василий қолына қылқалам алыпты. Бұрын-соңды  қалам ұстамағаны болмаса, ешқашан бейнелеуге қыры жоқ  жігіт жайлап сурет сала бастайды. Кейін  жай ғана қызығушылықтың соңы бейнелеу өнерімен кәсіби тұрғыдан айналыссам деген арманға жетелепті. Қазір Василий Морозов  кәсіби суретшілерден сабақ алып жүр. Ұстаздары оның ынталы, қабілетті екенін айтады. Болашақта Василий Морозов өзінің жеке көрмесін ұйымдастырғысы келеді.Фото автордікі. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі
Еркежан АРЫН 19.10.2021, 14:40
еGov принциптері банктерді цифрландыру саласында қолданыс табуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2021, 14:01
Алматыда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы асында 1100-ден аса жоба қаржыландырылды
Нұрай РАХЫМ 19.10.2021, 12:49
Тағы да «СК-Фармацияның» жыры
Бифат ЕЛТАЕВА 19.10.2021, 11:16
Жаңарған ҚазҰУ

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31