Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтауға 11 жұмыс тобы құрылды

Бифат ЕЛТАЕВА

09.03.2022, 22:32

844

Сонау 1921-1922 жылдардағы саяси қуғын-сүргін, ашаршылық кезеңдері қазақ халқы үшін тозақпен тең өткен еді. Сол қиын кезеңдердерде небір мықты қайраткерлер қуғынға ұшырап, қазақ халұқының тең жартысы аштықтан қырылып кеткені тарихтан мәлім. Ал халық үшін жанын қиған ұлт қайраткерлері қазір қалай ұлықталып, ақталып жатыр деген сұраққа келсек.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары басталғалы бері елімізде арнайы шаралар жүргізіліп, олардың мәселесін жан-жақты шешу мақсатында арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Мәселен, былтыр елімізде арнайы 11 жұмыс тобы құрылып, саяси қуғын сүргінқұрбандарын ақтаумен айнлысып келді. Атап айтсақ, Алматы қалалық комиссия мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 24 қарашасындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық және заңды ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығына сәйкес, арнайы шара өткізіп, репрессия құрбандарының барлық санаттарына байланысты тарихи әділдіктерді қалпына келтіру жөнінде мәселе қозғаған болатын. Жиынға тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Хангелді Әбжанов, қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандық интелегенциясының мұрасын зерттеуші «Арыс» қорының төрағасы Ғарифолла Әнес, ҚР президент мұрағаты директорының орынбасары Қайрат Әлімғазиев, Мемлекеттік мұрағат директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Жанғұтдинов пен Алматы қаласы мемлекеттік мұрағатының директоры Абзал Ботпановтар қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде мәселе көтеріп, ойларын ортаға салған болатын.

Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов «саяси қуғын-сүргінге қатысты республикада он бір жұмыс тобы» құрылғанын айтады. Оның айтуынша, «Комиссия жұмысын дұрыс жүргізу мақсатында арнайы әдіснамалық комиссия құрылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан қаласында орталық кеңсе ашылды. Бір апта бұрын Алматы қаласында да орталық кеңсенің өкілдігі ашылып, оның базасында қаламыздағы сегіз жұмыс тобының өкілдері жиналып, өз ойларын ортаға салған еді. Мұндай үрдіс тоқтап қалмайды.  Алдағы уақытта да жалғасын табады.  Ал комиссия жұмысының атқарған жұмысына келсек, мемлекеттік комиссия төрағасының бұйрығымен 11 жұмыс тобы  жұмыс істейді. Және мұндай орталықтар әр облыста ашылған» дейді профессор Зиябек Қабылдинов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01