Щучинск қаласында өрт сөндірушіге арналып мемориалдық тақта орнатылды

Сайт әкімшілігі

16.04.2022, 15:44

1613

Кеше Щучинск қаласында ҚазКСР ІІМ өрт күзетінің еңбек сіңірген қызметкері Нұрпейіс Ақпаровқа арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталмыш іс-шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы Мейрамбек Ысқақов, ҚР ТЖМ ЖПҚ төрағасы Нұрболат Дербісов, ҚР ТЖМ ДКП бастығы Шахмардан Әзірбаев, Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев және Ақмола облысы ТЖ департаментінің ардагерлері қатысты. Сондай-ақ мемориалдық тақта иесінің туыстары мен балалары, немерелері де қатысып, Нұрпейіс Ақпаровтың әруағына көрсетілген сый құрмет үшін төтеншеліктерге рахмет айтты.

Атап айта кетер жайт, Нұрпейіс Ақпаров төтенше жағдай қызметінде ерлікке бергісіз әрекетімен көзге түскен өрт сөндіруші ғана емес, көзі тірісінде мектеп құрылысына, сондай-ақ өзінің туған ауылы Жылымдыда мешіт салуға және ашуға бастамашы болған өмірі өнегелі азамат. Өзінің өмір жолынан бірнеше кітап та жазған. Соның дәлелі «Тілсіз жаумен күресте», «Аманат» кітаптары. Автор ол кітаптарда адамның қалыптасуы үшін қажет адамгершілік және моральдық негіздерді жан-жақты ашып көрсеткен.

Қызмет жолында да адалдығымен, еңбекқорлығымен көзге түскені байқалады. 1992 жылдың тамыз айынан бастап Көкшетау ауданы таратылғанға дейін «Қазақ тілі» аудандық қоғамының төрағасы қызметін атқарған. 1993-1997 жылдары – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, 1997 жылдан бері – Көкшетау облыстық ардагерлер Кеңесі Президиумының мүшесі, 1998 жылдан бастап – Көкшетау қалалық өрт күзеті ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған.  Ал Қазақстан Республикасының өрт күзетінде 35 жылдан астам жұмыс істеген.

 Табысты еңбек жолында талай рет түрлі марапаттар да иеленген. Мәселен өзінің еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін полковник Н.А. Ақпаров көптеген мемлекеттік, ведомстволық наградалармен марапатталған. Үлгілі қызметі үшін Нұрпейіс Ақпар-ұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Қазақ КСР ІІМ өрт күзетінің үздік қызметкері» Құрмет белгісімен марапатталған. Сондай-ақ «Мінсіз қызметі үшін» 1,2,3 медальдарымен, «Кеңес милициясына 50 жыл» дәрежесімен КСРО ІІМ, Қаз.КСР ІІМ және облыстардың ІІБ құрмет грамоталарымен марапатталған.

Өмірінің соңғы күндеріне дейін полковник Ақпаров төтенше жағдай саласының ұңғыл шұңғылымен кейінгі жас буынды таныстырып, салаға жас мамандарды келуге үгіттеп, өрт сөндірушілердің жас буынымен кездесулер өткізіп, өрт сөндіруші-құтқарушылардың айбынды мамандығы туралы кеңінен әңгімелеген. Бұл сала ардагерінің өз мамандығына деген шексіз адалдығынан болса керек.

Мемориалдық тақтаның ашылуындаҚызы Рәзия Ақпарова биыл олардың отбасы ҚР Азаматтық Қорғау академиясының үздік курсантына стипендия тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты. Яғни отбасылық степендия болашақ осы саланың маманына тағайындалады. Тұтас әулеттің азаматтық қорғаныс саласына берілуінің, мамандықты мақтаныш ете білетінінің бір айғағы осы болса керек.

Ерзия Ерсұңқар

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01