Сегіз ай күткен сыйлық

15.08.2018, 19:42

225

Қызылордалық әлеуметтік жағдайы төмен және жетім балалар жаңа жылдық сыйлықтарын ақыры алды. Алайда, уәде етілген ноутбуктарының орнына нетбук алды. Олардың сыйлығына облыстық бюджеттен 14 миллион теңге бөлінген еді.Президенттік шыршаға өңірдің 200 бала қатысқан еді. Салтанатты шарада көңіл көтеріп, ғажайыпқа сенген бүлдіршіндерге уәде етілген сыйлықтар берілмей қалды. Әуел баста, балаларға ноутбук құрылғысының сертификаты табысталса, іс жүзінде оларға кішігірім нэтбуктар берілді. Оның өзіне араға 8 ай уақыт өткеннен кейін ғана қолдары жетті.«Інім Президент шыршасына қатысты. Тұрмысы төмен отбасы болғандықтан тізімге енгенде, бәріміз қатты қуанған едік. Киім тіктіріп, шырша болатын күнді асыға күттік. Ноутбук аласыздар деп сендірді. Қолымызға сертификатты да ұстатты. Бірақ уәде етілген сыйлықты көп күттік. Бала қайта-қайта сұраған соң, мектеп директорына да бардық. Аудандық білім бөлімінің басшылары да бұл мәселеге жауапты емес екендерін айтты. Әрең дегенде, жақында алдық. Бірақ ноутбук емес, кішкентай нэтбук алдық. Оған да қанағат енді. Бірақ балаларды бұлайша алдағандары ұят болды», — дейді ашынған ата -аналардың бірі Сәуле ӘШІМОВА. Негізі, шененуніктердің сыйлық жасауда ниеттері түзу болған екен. Жоғарыда атқандай облыс қазынасынан едәуір ақша бөлген. Ең қызығы сауда орталықтарында самсап тұрған компютерді алу үшін тендер жариялаған. Тендірден ұтқан мердігер мекеме өз міндетін тиісті атқармаған болып шығыпты.«Қазіргі таңда бұл мәселе облыстық сотта қаралып жатыр. Заң аясында мердігер мекемеден ақшаны өңдіреміз. Мемлекеттің ақшасы мемлекетке қайтарылатын болады. Балаларға нэтбуктарды таратуға демеушілер көмектесті. Кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асты», — дейді Қызылорда облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Құралай САҚТАҒАНОВА. Осылайша, қызылордалық шенеуніктер мемлекеттен бөлінген қаражатқа қарамастан кәсіпкерлерге қол жаюға мәжбүр болыпты. Биылғы Президенттік шыршада бұл жағдайдың қайталанбауы үшін барлық жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39