Семей әкімдігі «Хабардың» ақпаратын теріске шығарды (видео)

09.09.2019, 19:06

5

Осыдан бірер апта бұрын Семейде Қытай инвесторларының зауыттыжиып қойып, «түрме салғалы жатқаны» туралы әңгіме қала ішінде де, әлеуметтікжеліде де желдей ескен болатын. Онсыз да Қытай зауыттарына қатысты мың санақпарат өріп, ғаламторды қойып қазақтың санасын жаулап алып жатқанда мұныңшынға айналарына ешкімнің күмәні қалмаған. Көпшілік көкейіндегі кірбеңніңбұлтын қоюлатқан жай – «Хабар» телеарнасының видеосюжетінен шығып отыр. Белгіліспортшы, ардагер балуан, ардагерлер арасындағы күрестен Әлем чемпионы, күрестенКСРО спорт шебері Хамит ЫСҚАҚОВТЫҢ айтуынша, даласында түрме болмаған қазақтыңжеріне қытайлардың темір тор салып бермек болғаны онсыз да қоюланған қауіптікүшейтеді.

-Семейде мыңжарым адамға қытайлардың түрме салмақ болғанына түбегейлі қарсымын. Руханиастанамыз Семейге Қытай инвесторларының келуі саяси қателік деп есептеймін. Бұлбилік басында отырған азаматтарға үлкен сын. Бұған Семей халқы шыдамайды. Қырықжыл Семей полигонына  қарсы болған бізенді түрме салмақ болғанына төзбейміз. Мұндай іс басталатын болса, халық болыпқарсы шығып, салдырмайтынымызға кепілдік беремін. Семей қытайлар келіп түрмесалатын жер емес,- дейді Хамит Ысқақұлы.

Екінің бірі көріп жүрген, «Хабар» телеарнасыныңжаңалықтары арқылы тараған осы дүниеге орай Семей қаласы әкімдігі ресмибаспасөз мәслихатын өткізбегенімен, қала әкімінің баспасөз хатшысы РолланКЕМЕРБАЕВТЫҢ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

-Желіқолданушылары көрсетіп отырған бейнесюжет эфирден 2015 жылы көрсетілген.Алайда, содан бері бұған қатысты ешқандай іс басталған емес. Бүгінгі күнгедейін қала әкімдігі тарапынан Қытай инвесторларына ешқандай жер телімі бөлінгенде, берілген де жоқ. Сондықтан да қала тұрғындарының алаңдауына еш негіз жоқ,-деп мәлімдеді «ЖасАЛАШ»тілшісіне Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Роллан Кемербаев.

Фото: factum.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:59
Тендер "ұтып бергіш" алаяқ ұсталды
Сайт әкімшілігі 15:07
Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13