Семей әкімдігіне Әлиханның сөзі емес, құны қомақты жарнама қымбат

27.11.2018, 00:30

54

Семейдегі Абай көшесінде Алаштың көрнекті қайраткері һәм лидері Әлихан БӨКЕЙХАННЫҢ «Ұлтқа, жұртқа қызмет көрсету – білімнен емес, мінезден» деген сөзі алыстан көз тартып сала бергенде семейліктер ерекше шаттанып, рухтанған болатын. Көзі қарақты қауым мұны іске асырып, елдің жігерін жанитын басқа да Алаш арыстарының бейнелері мен сөздерін жазып, жұрт көп жүретін тұстарға ілген Семей қалалық ішкі саясат бөлімі екенін де (сол кездегі басшысы, қазіргі күнде ШҚО ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев болатын — авт) көп кешікпей БАҚ арқылы біліп, арқаланып шыға келген. Алайда, қуаныш ұзаққа бармады. Қалалық әкімдік алдындағы Алаш қайраткерлерінің суреттері мен сөздері ағаш тақтайшаға орналастырылғандықтан сыр бермеді де, Абай көшесіндегі баннерден көз тартқан Әлихан Бөкейханның сөзі жыртылып, жұрт көңіліне қаяу түсірді. Биылғы көктемнен көзге түскен сол кірбің жаз басталғанша жалбырап тұрғанын несіне жасырамыз?! Бұл туралы сол кезде «Жас алаш» сайтында жазылды да. Жазылғаны сол артынша баннер жаңартылып, Әлихан Бөкейханның бейнесі мен жоғарыда айтылған сөзі «рухани жаңғырып», қайтадан Абай көшесінде алыстан шақырып тұра қалды.Сөйтсек, қалалық әкімдіктің сыннан қорытынды шығарған мұнысы көзалдау болып шықты. Қайбір күнгі тіршілік қамымен Абай көшесімен өтіп бара жатқанымызда баннерден Әлиханның өзі де, сөзі де көзден бұл-бұл ұшқаны бірден назарымызды аударды. Үнемі қараған сайын қанаттанатын ұлт тұлғасының орынына «Мечта» атты күллі Қазақстанды тұрмыстық-технкалық дүниелерімен жаулаған фиирманың атауы ілініп шыға келіпті. Түсінікті: Әкімдікке өздері шығынданып, олар үшін құр пафос іспетті (ал ел үшін рух!-авт) ұранды сөзді ілгенше, алған орыны мен орналасқан тақтасына сай жалға алу ақысын төлейтін фирманың жарнамасын ілген әлдеқайда құндырақ. Аң-таң күйде аптығымыз басылған соң, осыған байланысты ШҚО Ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаевқа қоңырау шалдық. Оның бір себебі, жұрт құптаған әкімдіктің жоғарыда айтылған жақсы бастамасын сол көтерген еді ғой.-Ол жердегі Әлиихан Бөкейханның сөзі орналасқан баннер стандарты басқа жарнама тақташаларынан өзгешелеу. Яғни, баннерді алып кеткен күнде де оны қаланың басқа тұсына барып ілуге стандарты сәйкес келмейді,-деген А. Садырбаев ары қарай Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов жауап беретінін айтқан еді.Алайда, өзі кейін қайыра қоңырау шалып, орынын басқан қазіргі шенеунік хабарласатынын айтқанымен, Семей әкімдігінен қоңырау шалған тірі пенде табылмады.Қазақтың бес арысының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Әдетің – сенің мінезің, мінезің – сенің тағдырың» деген нақылы бар. Семейлік белгілі ғалым, абайтанушы, Шәкәрім мұраларының да шығу тарихын жақсы білетін Асан Омаровтың айтуынша, Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа, жұртқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген сөзі осы жайдан жай емес, Шәкәрім екеуінің етенежақын араласуынан шыққан. Демек, ұлт қайраткерінің жұрт қамын ойлаудағы мінезіне терең бойлай алмаған семейлік шенеуніктердің таным -түсінігі жарнаманың құндылығына байланып қалғандығына осы көрініс дәлел.Фотолар автордікі.  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11