Семей әкімінің есебі соттасудан басталды

08.02.2019, 01:09

4

Бүгін Семей қаласының әкімі Ермак СӘЛІМОВ қала тұрғындарының алдында есеп беруді бастап жатыр. Бұған дейін қалаға қарасты 10-нан астам ауылды аралап, қырдағы жұртқа көрініп қайтқан қала басшысының семейліктердің алдындағы есебі екі күнді еншілеп отыр. Арық сөйлеп, семіз шығып жүргендей көрінгенімен, қаланың кей тұрғындары қалалық әкімдікті сотқа тартып, әділ шешім шығуын күтіп жүр.Анығын айтқанда, көктемгі су тасқыны кезінде көрешекті көріп, терезесі талқан болған Елена КУЛАКОВА қалалық әкімдіктің үстінен сотқа арыз түсірген екен. Істі қараған азаматтық сот жауапкер ретінде қала әкімі Ермак Сәлісовті танып, мұз үстіндегі жарылыс әсерінен пәтерінің әйнегі қираған азаматша Е.Кулакованың пәтеріне келген материалдық шығынды 400 мың теңге деп бағалаған еді.Қалалық соттың таратқан ақпаратына сүйенсек, шағымданушы азаматшаның сотқа шағымдану мақсатында мемлекеттік баж салығын төлегені, өндірістік-экспертизалық құжаттарды түзу барысындағы төлемдері өзге де шығындары есептеле келе, жалпы шығын көлемін 446 289 теңгеге жеткен.Дегенмен, Семей қалалық ТҮКШ азаматшаның шағымына орай қарсы тараптан аппеляциялық шағым түсіруіне байланысты сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Бұл туралы «Жас алаш» тілшісі әкім есбінен соң да ақпарат беретін болады.Фото: altaynews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:59
Тендер "ұтып бергіш" алаяқ ұсталды
Сайт әкімшілігі 15:07
Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13