Семей шенеуніктері көшені де сатып жіберді

06.07.2019, 01:49

32

Қала орталығындағы «Семей» автобекетініңалдымен өтетін Уәлиханов көшесінің бөлігі заңсыз сатылып кетіпті… Қала әкіміЕрмак СӘЛІМОВ осыған қатысты өршіген дауға нүкте қойғандай болды да,еңбек демалысына шығып кетті. Қала басшысы ШығысҚазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеңіскежеткендей болғанымен, күмәнді сұрақтар жұмбақ күйі қала берді.  

Қызығы сол, көше бөлігініңсатылуында қателіктер жіберілгенін қалалық әкімдіктің өзі мойындап отыр. Бірақ,оған қала басшылығы қалай жол бергенін атқамінерлердің ешқайсы да ашып айтаалмай іштен тынған жайы бар. Семей қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысыҚұдайберген СЕЙІЛХАНОВ осы мәселені көтерген БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында оғанжер комиссиясының құрамына енген мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, қоғамдықұйым өкілдері кінәлі екенін айтып, ақталғандай болды. Бөлім басшысыныңәкімдікті ақтап, сот арқылы заңсыз сатылған көше бөлігін мемлекет меншігінеқайтарып алғандарын мәлімдеген сөзіне сүйенсек, оған жергілікті атқарушыбиліктен «ешкім де кінәлі емес» көрінеді.


Алайда, кейіннен Семей қалалықжер қатынастары бөлімінің осы «сатылған көше мәселесіне» қатысты БАҚ-тарғаарнайы таратқан ақпаратындағы мына бір үзіндіге зер салайық:

«2013 жылы 0.6103 га жер телімі бар автовокзал ғимараты (Уәлиханов көшесі, 167) Семей қалалық қаржы бөлімінің бұйрығымен «Семей қаласындағы Жолаушылар тасымалы» ЖШС теңгерімінен «Семей-Автовокзал» ЖШС балансына ауыстырылды. Жарғылық капиталдағы серіктестіктің 100% мемлекеттік үлесі бар. 2015 жылы ЖШС өтініші бойынша тұрақты жер пайдалану құқығы 5 жыл мерзімге, яғни, 2020 жылдың 14 маусымына дейін, әкімдіктің 2015 жылғы 15 маусымда қабылданған шешіміне сәйкес жалға берілді. 2018 жылы өткізілген аукционда ЖШС-нің 100% акциясы сатылды. 2018 жылғы 14 мамырдағы сату шартының негізінде «Семей-автовокзал» ЖШС-дегі мемлекеттік үлес жеке тұлғаға сатылды. Қатысу үлесін сату бағасы 310 000 000 (үш жүз он миллион) теңгені құрады.

Бұл жағдайда келісімшарттың алғышарты — объектінің профилін үнемі сақтау. Бұдан басқа, «Семей-Автовокзал» ЖШС-нің жаңа басшылығы қалалық әкімдікке автобекет учаскесін жеке меншікке сатып алу үшін қолданылады. Мәселен, 2018 жылдың маусым айында «Семей Автовокзал» ЖШС-нің өтінімін қараған жер комиссиясы жер телімін жеке меншікке сату жөнінде оң шешім қабылдады. Жер комиссиясының шешімі бойынша қала әкімдігі жер телімін жеке меншікке сатып алу туралы қаулы шығарып, кадастрлық құны 14 622 788 теңгені құрады. Жер қатынастары бөлімі мен ЖШС арасында жер учаскелерін сату туралы шарт жасалды».

Қалалық жер қатынастары бөлімібасшысының орынбасары Дамир РАХЫМЖАНОВТЫҢ атынан жолданған осынаумәлімдемесінің өзі біріне-бірі қайшы келіп тұрғанын өзі түсінер ме екен?!«Семей» автобекеті алдындағы көше бөлігін сату мәлімдемеде көрсетілгеніндей,«жер телімін жекеменшікке сату жөнінде оң шешім қабылдаған» болса, сол шешімгесәйкес әкімдік «жер телімін жекеменшікке сатып алу туралы қаулы шығарған»болса, оның соңы қалайша дауға ұласып, ақыры экономикалық сотқа жүгінулерінетура келіп отыр? Жер қатынастары бөлімі мен «Семей-Автовокзал» ЖШС арасында жер учаскелерін сату туралышарттың өзі осы салаға қатысты қандай заңды басшылыққа ала отырып жасалды екен?..Енді, арада бір жылдай уақыт өткенде аяқ астынан шу шығып, қала билігінің бұлсату-сатып алуға құрамына депутаттар, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері енгенжер комиссиясын кінәлап, өздерін «судан таза, сүттен ақ» етіп шыға келгендеріқалай?!

Аталған бөлім тарапынан келгенақпаратың соңындағы түйінде қала әкімі Ермак Сәлімовтің үстіміздегі жылдыңсәуір айында ШҚО мамандандырылған ауданаралықэкономикалық сотына Семей қалалық жер қатынастары бөлімі мен «Семей-Автовокзал»ЖШС арасындағы жоғарыда аталған жер учаскесін сатып алу-сату туралы келісімдіжарамсыз деп тану туралы талап арыз бергені айтылған. Әкімнің талап арызынқанағаттандырған ШҚО экономикалық соты 2019 жылдың 14 маусымында автобекеталдындағы көше учаскесін сату туралы шартты жарамсыз деп тану туралы шешімшығарған. Алайда, бұл сот шешімі әзірге әлі күшіне енбеген екен.

Сонымен көшебөлігінің сату-сатып алу келісім-шарты заңсыз деп танылып, мемлекет меншігіне қайтарыладыделік. Бірақ, оның өзі қаланың Бас жоспарына сәйкес, ешқандай да көше бөлігісатылмауы тиістігі назарға алынбағанда, бұл мәселе жабулы қазан жабулы күйіқала берер ме еді, кім білсін?..

«Мен дәл осы істе коррупция белгілері бар деп нақты айта аламын»

Осы орайда, байырғықұрылысшы, осы саланың ардагері, қалалық қоғамдық кеңестің белсендісі Николай ИСАЕВТЫҢавтобекет алдымен өтетін Уәлиханов көшесінің заңсыз сатылғанын бірінші болыпкөтеріп, билік пен халықтың назарын аударғанын атап өткен жөн болар.

— Мен әкімдіктің көше бөлігін саудаға шығарған жер комиссиясының шешімінзаңсыз деп тану туралы шағымы қаралған бұл сот процесіне қатыстым. Алдымен,айтайын, мен мұны өткен жылдың соңынан бастап батыл көтере бастаған болатынмын.14 млн теңгеден астам қаржыға 0.6103 га жер телімі бар автовокзал алдындағыкөше бөлігінің су тегінге сатылуы ақылға сыймайтын жағдай. Мына парадоксжағдайды қараңыз: қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сейілханов жауапкерретінде сот процесі кезінде қателік жіберілгенін өзі мойындады. Ал, артынша телеарнағаберген сұхбатында бұл жағдайға жер комиссиясының құрамына енген қоғамдық ұйымөкілдері, кәсіпкерлер, депутаттар кінәлі екенін айтып шыға келді. Егер жерқатынастары бөлімі қатыспаса, өздері бастап бермесе, жер комиссиясы өздігіменшешім қабылдап, көше бөлігін сатып жібермейді ғой. Ондайға мүлде құқы жоқ. Тағыбір айтатын жайт, «Семей Автовокзалының» қазіргі иесі кәсіпкер ретінде сатыпалды делік. Бірақ, ол – бұрынғы белгілі шенеунік, басшылық қызмет атқарғанадам. Ол көше бөлігін сатып алуға ұмтылу заңсыз екенін өте жақсы білді. Сөйтетұра, шенеуніктерді өз ықпалына көндірді. Ал, осыған себепкер болған қалалықжер қатынастары бөлімі тікелей Семей әкімдігіне бағынатыны бәрімізге белгілі. Сондабұл іске нақты кімдер жол бергені көрініп тұр емес пе?! Мен өз басым дәл осыістен коррупция белгілері бар деп нақты айта аламын. Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВСемейге әкімнің есеп беру жиынына қатысуға келгенде де айтқанмын «автовкзалмәселесін». Өткен жылдың соңынан «жоғары жаққа» бірнеше рет хат жолдап, басылымбеттерінде үздіксіз жариялауымның нәтижесінде көше бөлігінің заңсыз сатылғанынәкімдік мойындауға мәжбүр болды, — дейді Николай Исаев.

Жұрт іргесінжағалап базарға қарай күнделікті өтетін көше бөлігінің қоршауға алынуының өзі ортақпайдалану талабына қайшы келетіні де сан мәрте айтылған. Бірақ, қала билігі оныжекеменшікке өткен автобекет басшылығынан талап етуге дәрменсіз күйде қалыпотыр. Мұны елеусіз қалдырған күннің өзінде қала басшысының қолынсыз ешқандайқұжат күшіне енбейтінін бестегі бала да біледі. Яғни, әкімдікке бағынышты жерқатынастары бөлімінің қатысуымен көше бөлігі о баста сатылып жатқанда әкімніңодан бейхабар қалып, біраз уақыт өткенде экономикалық сотқа талап арыз түсіреқалуы ақылға қонбайтын жайт. Және бұл мәселеге байланысты жазбаша ақпараттыңнеліктен бөлім басшысының орынбасары Д.Рахымжановтың атынан таратылып, қалаәкімі Е.Сәлімов пен бөлім басшысы Қ.Сейілхановтың тасада қалғаны түсініксіз.

Фотоларды автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:20
Kaspi банкке шабуыл жасағандар ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:15
Коронавирустың жаңа симптомы аталды
Сайт әкімшілігі 09:19
Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді
Айжан БҮРКІТБАЕВА 29.10.2020, 11:03
Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
Мариям МАҚСАТ 29.10.2020, 10:59
Ауылдықтар ауызсуға жарымай отыр
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 29.10.2020, 10:39
Жолдың жыры келер жылы тамам болмақ

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04