Семейде әкімді мадақтаған «отчет үшін» айтыс өтті

23.09.2019, 06:28

76

Семейде қыркүйектің 22-і «Қала күні» мерекесі болып аталып,соған орай бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде қалалықәкімдіктің тап алдындағы орталық алаңда түскі уақытқа белгіленген «Семейім–алашымның астанасы» атты айтыс басталып, халық ашық аспан астында «отчет үшін»өткізілген сөз сайысын тамашалады. Осы айтыс өтерден бірер күн бұрын жасайтыскер Әділхан ІҢКӘРБЕК «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында орталықалаңда түскі астың уақытында сахна құрып, ақын шақыру ақылға сыймайтынынжариялаған болатын.


«Негізінде бұл айтыс жыл сайын өткізілетіндәстүрлі айтыс «баяғы жартас сол жартас» өзгермеген. Айтыс орталықалаңда өткізіледі. Ал, орталық алаңға кеп кім көреді, аудитория жинала ма? Басқаөткізетін орын табылмады ма? 13:00 түскі елдін тамақтанатын уақыты. Осыныңбарлығын ескеру керек еді.Ақынның сөзін кім тыңдайды? Далада ары бері сабылысқанадамдар елеп ескермейді де. Далада айтқан сөз далаға кетеді!» деп жазды оләлеуметтік желідегі парақшасында.

Қызығы сол, айтыстамашалауға орталық алаңға келгенімізде Әділхан ақын қарсыласы Хамида СӘМЕТОВАМЕНбілек түре айтысып жатыр екен. Екеуінің айтысы сол баяғы жаттанды, «бір-бірінұнатып қалған қыз бен жігіт» форматында өрбіп, «неке қидыруға» дейін ойбөлісті. Дегенмен, Хамида қыз бүгін «Қала күні» екенін де естен шығармай,Семейдің әкімі Ермак СӘЛІМОВТІ пір тұтып, мадақтауға қамшы салдырмағанынақарап, расында да «отчет үшін» айтыс өтіп жатқанын ұқтық.

Степнойға бір мектеп салам деді,

Осы сөзі көңілге жалау болар.

Ай, мен айта берсем көп екен әкім ісі,

Бір кітаптық бірнеше тарау болар.

Семейдің бағы болар Ермак ағам,

Алла қалап, халқына қалау болар,-деп көсіле шауып, «ескіавтобус жарамас болды кеміс, жаңа автобус жаныңа енді тегіс» деп «соңғыжаңалықтармен» бөлісті. Тіпті, қызды-қыздымен президент Тоқаевтың бұйрығымен көпбалалы аналардың несиесі жабылғанын да «әкім еңбегі» ретінде атап өтіп, айдыаспанға шығарды. «Несиесін кешірді сан адамның, бұл да болса жақсылықбастамасы»  деген Хамида ақын «Ермактайәкім барда елімнің тие қоймас, тасқа басы» деп тамсана жырлады. Сөз саптауынасалғырт қарағаны үшін жас ақын қызды жазғыруға да болмас, алайда, талай жастыосы киелі өнерге баулып жүрген Семейдегі «Халықтық ақындар орталығы» аттымемлекеттің қаржылай қолдауындағы орталықтың жұмысы сонда әкімге жағыну болып шыққанынанық аңдадық. Айтыстың өтетін орынын «Орталық алаңнан» таңдағанымен, айтыссахнасының тура әкімдіктің тап алдына орнатылғаны да «Ермактың еңбегін көрсету»мақсатынан туған секілді. Қысқасын айтқанда, дайындығы шамалы ақындардыңаузындағы сөздің сиқы осындай болса, оларды баулып жүрген орталық жетекшісі,ақын Дәмеш ОМАРБАЕВАНЫҢ көздегені де сол «әкімге сын айтқызбау» сыңайындаболғаны байқалды. Алдымен, Әділхан Іңкәрбекті сөзге тарттық.

«Негізі ұстаздарымыз Дәмеш апай мен Серік аға(Молдабеков)  шамаларынша айтысты жақсыөткізгісі келеді. Ауылдарға да барып, өткізгісі келеді. Бірақ, көбіне кейінгішегеріп тастай беретіні рас. Бірінші мамыр күніне орай ұйымдастырылған айтысТүйемойнақ аралында (қазіргі атауы-Бейбітшілік) өтті. Оған халық толық барғанжоқ. Көрерменінен ақыны көп айтыс болды ол жолы. Әкім келіп, жай тыңдап тұрдыда музей аралап жүргендей кетіп қалды. Ал осы айтысты қарасақ, мерекелікконцерт кешке болмақ, тап содан екі сағат бұрын өткізсе, халық бұдан да көпжиналар еді ғой. Оның үстіне түскі уақытта жұрттың бәрі орталық алаңға ағылып жатқанжоқ. Ал осы айтыста ойымды барынша жеткізуге тырыстым, бірақ, қоғамдағы күрделенгенжайларды айтуға бізге тыйым салғаны рас. «Ертең болашақтарың бар. Ойланыңдар»дегендей… Мәселені назарға салайын десең, жалпылама сөз арасында болмаса,ашық айтқызбайды. «Айт» дегендері қаладағы жақсы істер. Абайдың алдағы 175жылдығы деген сияқты. Кеше Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына орай театрфестивалі басталып, өтіп жатыр. Алайда, оны жеткізіп үлгермедім»,-дейдіӘ.Іңкәрбек.

Ал, Халықтық ақындар орталығының жетекшісі ДәмешОмарбаеваның ойынша, сыни тұрғыдан беталбаты нәрсе айта беруге болмайды екен.

"Біз ақындарғабілетініңді ғана айт дейміз. Көзің көріп жатқан жақсы нәрселер бар ма, оны айтдейміз. «Өтірік пен шындықтың арасы төрт-ақ елі» дейді. Құлақпен естігенөтірік, көзбен көрген шын болады. «Қоғамның шындығы» дегенде қала күніне орайөтіп жатқан айтыс болғандықтан, қала туралы айту керек. Біздің тарихымыздыңбарлығы осы Семейден басталады ғой. Семинария да, футбол тарихы да",-дегенжас ақындар ұстазының сөзінен сынға қатысты мардымды жауап ала алмадық.

«Бұлайтысқа келген ақындар арасынан қаламызда бес күн қатарынан өтіп жатқан театрфестивалі туралы айтқан ешкім болған жоқ. Ары кеткенде елу-алпыс адам ғанатамашалап отыр. Неге? Өйткені, айтысты ел сахна алдына келіп, көруге шатырорнатылмаған. Көбі ыстыққа шыдай алмай тұрып кетіп жатыр. Қоңыр күздегенімізбен, миыңнан өтер ыстық бар. «Ашық аспан астында көрермен қалайотырады?» деп ешкім бас қатырмаған секілді. Айтысқа келсек, қыз бен жігіт шықса, ғашық болып, қалып, ақыр соңыүйленуге тіреледі. Екі жігіт шықса, бірін-бірінің қайда, не бүлдіргенінқазбалап, жеке бастарына тиісуден арыға ұзаған жоқ. «Семей-алашымның астанасы»деп айғайлата қоған атына сай, қаланың қалыптасу кезеңі, елдің шешілмей кележатқан әлеуметтік мәселелері туралы ешбір ақын «ләм» деп ауыз ашқан жоқ.Айтыстың осыдан кейін қасиеті кетпегенде қайтеді?»,- дейді жас жазушы Қуат ҚИЫҚБАЙ.


Айтыс соңына қарай қала әкімі Ермак Сәлімов пен оныңидеология жөніндегі орынбасары Айдар Садырбаев та келіп, бос тұрғанорындықтардың екеуін еншілеп отыра қалды.  Тап осыны күткендей Айбек Жеңісханмен айтысыпотырған Айшолпан Тілеутай аяқталар уақыт жеткеніне қарамай, әкім мақтауғақұлшына кірісіп кетті.

-Ақыны әкімді көз көрді,

Әкімдер де өзгерді.

Ақынға әкім қосылып,

Той-тойлайтын кез келді.

Ермак әкім ерімсің,

Жомарттығың көрінсін.

«Қарағайлыдағы» үйлерің

Аналарға берілсін,-деп жүргізушілердің тізгіндеуіменсахнадан әрең түскен Айшолпан ІІ орынды иеленді де, ал, әкімді көзінше мақтауға«үлгермей қалған» Айбек Жеңісқазин І орын алды. Ал, Ермакты жеріне жеткізежырлаған Хамида «Алғыс хат» алған ақындар қатарынан көрінді.

Анық айтарлығы- осы айтысқа қатысқан ақындардың барлығыда жиырмадан енді асқан, отызға әлі жетпеген жастар. Санасы саясатқа уланбағанымен,оларды оң-солын танып үлгермей, «Қала күнін» пайдаланып, қала әкімінүсті-үстіне дәріптетіп, «елдің бағына туған» етіп жағына көрсету жергіліктіатқарушы биліктің ойлап тапқан амалы болса, буыны қатқанда халықтың қолдауынақалай ие болмақ? Семейдегі Мәдениет үйінің ішіндегі «Халықтық ақындар орталығы»қатысушысы айтқандай, «отчет үшін» айтыс өткізуді көздегені өздеріне қажетшығар, бірақ, жас шәкірттерді жағымпаздыққа тәрбиелеуі елдің ызасын тудырарыанық.

Фотоларавтордікі.   


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57