Семейде домбыра «OPEN AIR» бояуының астында қалды

11.07.2019, 01:25

15

Шілде айының соңғы жексенбісі- ұлттық Домбыра күні деп аталғанымен, дәл осы күні семейлік жастар кешкісін «Openair» фестивалінің куәсі болды. Ертістің оң жағалауындағы демалыс орынында бір-бірінесу шашып, бояу жағып мәре-сәре болып жүрген қыз-жігіттердің іс-әрекеті ерсілеу көрінгенімен,барғандарға ерекше көңіл-күй сыйлаған сияқты. Алайда, түп төркіні Еуропа елдеріненшыққан бұл шараның ықпалы қазақтың ұлттық құндылығын тасада қалдырғандай болды.Бет-ауыз, киімдеріне қызыл-жасыл, сары-көк бояулар жағылып, алабажақ кейіпке түскенжастардың бір шоғыры Ертіс өзенінің жағалауынан пластмасса бөтелкелерге су құйыпалып тұра жүгірсе, енді бірі өткен жылы ғана пайдалануға берілген субұрқақтың қабат-қабатынашығып, су шашып мәз-мәйрам болды. «Сонда біздің ұлттық Домбыра күнін ұлықтаған сиқымызосы болды ма?» деген сауал мазалаған соң, шара ұйымдастырушылары мен қатысқан жастардыңбір-екеуін сөзге тарттық.

«Жастар ресурстық орталығы»мекемесінің басшысы Олжас СОҒЫМБАЕВ әлем-жәлем бояуға малшынған күйі сұхбат бергендебіраз  жайды білгендей болдық.

«Бұл «Openair» — жастар фестивалі. Тек биыл ғана Домбыра күнімен сәйкес келіп тұр. Негізіндеол құндылығымызға арналған шаралар таңертең Бейбітшілік аралында өтті. «Openair» фестиваліне ұластырғанда да біз оны есімізден шығарған жоқпыз. «Домбыра пати»атауымен қыз-жігіттеріміздің арасында домбыра тартуды қалағандарға да осы жерденорын табылды. Бұл фестиваль болғандықтан, бірнеше сайыс, өнер түрлері де қамтылды.Біз жылда «Яркокросс» бояулар шеруімен, заманауи билермен шектелетінбіз. Биыл, міне,Домбыра күні аясында жастардың ұлттық құндылыққа мойын бұруына мүмкіндік жасадық.Домбыраның құндылығын мұндағы көріністер жойып жіберді дегенге келіспеймін. Қайтаөзге ұлт өкілдерінің жастары да осы шараны тамашалап жүріп, ұлттық музыкалық аспабымыздыңерекшелігімен танысады емес пе?.. Сол сияқты «Асық пати» алаңы бар. Брейк-данс билеугекелген жастардың жүзден оны болсын, асық атуға қатысып кетсе, оның өзі біз үшінүлкен жеңіс. Бастысы шараны қызықты өткізе отырып, ұлттық құндылыққа мойын бұруғашақыру деп толық айта аламын. Рас, ауылданкеліп оқуға түскен студенттер қазір өз туған жерлерінде жүр. Десек те «Open air»фестивалі арқылы өздерін заманауи жаңалықтарды игерген қала жастарына өзінің ұлттықтамырынан ажырамау керектігін ұқтыру үшін осындай қадамдар жасау керек депойлаймын»,- дейді Олжас АМАНГЕЛДІҰЛЫ.

Фестивальға келіп, ерекшекөңілденген Мәдина атты қызды да мәз-мәйрам күйінде әңгімеге тарттық. «Open air»оған тамаша әсер сыйлапты.

«Фестиваль маған өте ұнады. Мен үшін қызықты, өте көңілдіэмоциялы сәттер көп болды. Мұндай жақсы әсер сыйлайтын шаралар жиі өтіп тұрса тіптен,жақсы болар еді. Сонымен қатар Ұлттық домбыра күнімен орайластырып, үйлестіріп өткізудіңөзі үлкен шеберлік деп айтар едім. Жалпы, ұйымдастырушыларға менің ризашылығым шексіз»,-дейді Мадина ЗАМАНБЕКОВА.

Бородулиха ауданынанкелген Диана РУСЛАНҚЫЗЫНЫҢ  ойынша да фестивальдіңөте қызықты сәттері көп болыпты. Өзіне бояу жаққан достарына ешқандай да қабақ шытпағанол да есе жібермей бірнешеуіне су шашып үлгеріпті. Даңғаза әуенмен өрілген билердіңде тартымдылығын айтып тамсанған Диана домбыра тартып, асық ойнағандардың көрінісінекуә болғанымен, айтарлықтай мән бермегенінін жасырған жоқ.

Ал, осы фестиваль көріністерінұялы телефонына түсіріп, өз қызығы өзінде жүрген Ғанибек ТҮСІПБЕКТІҢ сөзіне сүйенсек,әлеуметтік желілерде «Open air» фестивалінің өтетіні күні бұрын жер жарғанымен,Ұлттық домбыра күні қандай шаралар өтетіні айтарлықтай кеңінен насихатталмапты.

«Мен Инстаграм, Фейсбук әлеуметтік желілерін қолданушы ретіндебайқағаным-осындай фестиваль өткелі жатқаны туралы хабарландыруларды жиі ұшыраттым.Өкінішке қарай, шілденің өткен жексенбісі – ұлттық Домбыра күні өтетін шаралар анда-сандажылт етті. Семей қалалық Ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы өздерініңжеліңдегі парақшаларында да «Open air» фестивалін аянбай жарнамалады жасыратыныжоқ. Ал, бүгінгі көргенімді айтсам, «Яркокросс» өте қызықты, көңілді болды. Тамашабасталды, бірақ, соңына қарай Ертіс өзенінің жағалауын ластаушылар да шыға келді.Бір-біріне су шашып, я болмаса, босаған бөтелкелерін жерге тастай салғандары мағанұнаған жоқ. Домбыра күніне арналған шараны да осы фестивальмен байланыстырған дұрыспа, жоқ па, айта алмаймын. Домбыраға мән берілген сияқты болғанымен, біріне-бірібояу жағып, су шашқан жастар ырду-дырдумен ол құндылығымыздың кереметін демде ұмытыпкеткен сияқты. Таңертеңгі шараның жалғасын әкеп, осындағы фестиваль ішіне кіргізіпжібергеннен гөрі тәулік бойына жастар санасына қазақтың күйлерін, домбырамен шырқалатынәндер жағалауды думанға бөлеп жатса, нағыз тамаша сол болар еді. Өкінішке қарайбүгін екі түрлі әлемнің куәсі болдым»,- дейді Ғанибек Түсіпбек.

«Біткен іске сыншы көп» дегенхалық даналығына сүйенсек, аталған фестивальдің «Қазақ жастарына қажеті бар ма?»деген сұрақтың басты орынға шығатыны шындық. Қала жастары үшін кермет көңіл күйсыйлаған фестивальдің Ұлттық домбыра күнімен қатарлас келуі кездейсоқтық та болар.Бірақ, біздің ұлттық құндылығымызды насихаттаудан гөрі, Батыс Еуропаның, я болмасатілі бөлек, түрі басқа елдердің мәдени шараларын жастар санасына сіңіруге ұмтылатынымызшындық. Семейде биыл екінші рет өткізілген «Open air» фестивалінің ұлттық Домбыракүнімен қабаттаса қалғанын айтпағанның өзінде қаланың басты байлығы саналатын қасиеттіЕртістің бойын бояуға малынған жастардың біріне-бірі су шашып, қуалағанынан аулақтатсақтіптен, жақсы болар еді дейміз.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39