Семейде уақытша ұстау изоляторының бастығы сотталды

25.10.2019, 09:22

64

Семей қаласындағы уақытша ұстауизоляторының бастығы Руслан АХМЕТОВ жұмыс орнына мас болып келіп, тергеудегіжәне қамаудағы 12 адамды соққыға жыққан. Қызығы сол мекемеғ басшысы өзінің қызметтікөкілеттігін асыра пайдаланып, осындай қадамға кезекті демалыста жүрген кезіндебарыпты. Бұл туралы ақпаратты ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі таратты.

«Демалып жүріп» жұмыс орынына жетіпбарып, бассыздыққа жол берген басшыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді алғашындаШҚО полиция Департаменті, өзіндік қауіпсіздік басқармасының тергеушісіжүргізген екен. Бірақ, кейіннен оның оғаш әрекетінде қылмыс құрамының болмауынабайланысты тоқтатылған.

Істі тоқтату туралы заңсыз қаулыны ШҚОпрокуратурасы бұзып, тергеу ісін жалғастыруды арнайы прокурорларға тапсырған.Соған қарамастан мекеменің бұрынғы басшысы тергеуге келуден жалтарып, қалааумағынан шығып кеткен. Арнайы прокурордың өтінішхаты негізінде тергеу судьясы онықамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қолдануға кіріседі. Ақыры,  бір жыл іздестіруден кейін жүгенсіз кеткентүрме бастығы Алматы қаласында ұсталған.

«Сотта айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінішбілдірді. Оның өкінгенін, жас балаларының болуын, отбасында жалғыз асыраушыекенін ескеріп, Семей қаласының №2 соты ең төменгі шекте, атап айтқанда, 3 жылбас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарында5 жыл қызмет атқарудан және полиция майоры арнайы атағынан айырылды. Үкім заңдыкүшіне енді», —  деп хабарлайды ШҚОпрокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұрінғы әріптестерінің сенімге селкеутүсірген осы ісінің салдарынан ШҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасыныңқызметкерлері қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылып, ӨҚБ басшысына қызметінетолық сай еместігі туралы тәртіптік жазаға қолданылды.

Фото: twitter.com

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 16.01.2021, 16:10
Ковид өршіп тұрғанда мектеп асханаларын ашу қаншалықты негізді?
Бифат ЕЛТАЕВА 09:03
Орыс мектептерінде қазақ тілінің жайы қалай?
Сайт әкімшілігі 14.01.2021, 13:10
Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 16:00
Президент мақаласынан кейін қазақ тілінде сөйлеу клубы ашылды
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 12:00
Қытайда коронавирус қайта таралып жатыр
Сайт әкімшілігі 13.01.2021, 09:45
Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Аңдатпа


  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33