Семейдегі ЯМО Ахметовті ұятқа қалдырып тұр

29.08.2019, 07:20

30

Семей қаласына жұмыс сапарымен келген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВ алдымен қалалық әкімдікте жиын өткізді. 

Осыдан үш ай бұрын, мамыр айының соңында қала тұрғындарын қабылдап, жергілікті атқарушы билікке берген тапсырмаларының орындалу барысын көруге келген Ахметовтің сөз ыңғайынан Семей үшін бәрін жасап жатқан лепті аңғардық. Облыс басшысының алдында қаланың даму қарқыны жайында бірде бір қазақ сөзін қосуды қаламай, орыс тілінде баяндама жасаған Семей әкімі Ермак СӘЛІМОВ еркін көсілді. 

Қағазға қарап, «Қарағайлы» ықшамауданында салынып, пайдалануға берілген үйлер саны, Ұшақтар кентінде жүріп жатқан жұмыстар, сондай-ақ қаланың ішкі нарығындағы көрсеткіштер, инвестиция саласындағы жетістіктерін цифрлармен сәндеп, жіпке тізіп берді.Бір қызығы, қала әкімінің осы қателігін қадала қарап көріп отырса да облыс әкімі «Мұның қалай?» деген жоқ. Қайта сонысын жуып-шайғандай арасында сөзін бөліп, өзі қазақша сөз алып, қолдап отырды. Тап осы сәтте Ахметов Сәлімовтің аудармашысы сияқты кейіпте көрінгенін өзі де сезбеген сияқты. Өйткені, екі сөзінің бірінде «мұндай нәрсе ешбір қалада жоқ» деп салынып жатқан Абай-арена спорт кешенін, көп қабатты тұрғын үйлердің, Жедел жәрдем қызметі ауруханасындағы гибридті ота жасау ісінің қолданысқа енгенін айтқан өңір басшысы Семей медицинасын дамытуға ерекше көңіл бөлгенін қала активі мен мәслихат депутаттарына кеңінен баяндады.

«Біз қазір көптеген соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтарды осы Семейге жеткіздік. Бұрын шетелге шыққан сайын «шіркін-ай, бізде қашан болар екен осындай?» деп қайтатынбыз. Ал, қазір бізде бәрі бар. Тек адами капитал керек. Бұрын дәрігерлерімізді шетелде оқытуға алты айға жіберетінбіз. Енді, бір жылға дейін оқып келуге жіберетін боламыз», — деді Даниал АХМЕТОВ.
Облыс әкімі Семей медицинасын заман талабына сай етуге тырысқанымен, бетіне шіркеу болып келе жатқан ядролық медициналық орталық үшін күйінетінін жасырған жоқ. Себебі, бұл нысан о баста шетелден әкелінетін медициналық құрал-жабдықтардың жұмыс істеу ерекшеліктерін ескермей салынғандықтан, әлі күнге дейін «мылқау» болып тұрған жайы бар. Шындығына көшсек, қазіргі вице-премьер Бердібек САПАРБАЕВ ШҚО әкімі болып тұрғанда салынған нысанның былығы көп. Құрылысты жүргізген мердігер компания басшысы сотталып, абақтыдан бір-ақ шықса да нысанды қосу өте маңызды. Әсіресе, бұл 40 жыл Семей ядролық полигон сынағынан сырқатқа ұшырағандардың дертіне шипа боларына үмітпен қарауына түрткі болған. Бірнеше рет Үкімет деңгейінде қаралса да тұщымды жауабы табылмаған ЯМО-ның жағдайын Семейге келген сапарында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ та жақсы білетіндігін аңғартып, жыл соңына дейін іске қосуды Д. Ахметовке жүктеген болатын. 

«Сегіз рет сотта жеңілгенбіз. Қазір жіберілген кемшіліктердің бәрін дәлелдеп, қателіктерді анықтап, жеңдік. Жоғары соттың шешімі бар. Бір жылдың ішінде, мүмкін одан да аз уақыт ішінде барлығын шеше алатын боламыз. Бұл мен үшін де, бәріміз үшін де ұят, өте ұят жағдай болды», — деді біраз жайдың шетін шығарған облыс әкімі. 


Фотолар автордікі. 
     

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 23.11.2020, 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:18
Бір тәулікте 716 адам коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52