Семейді басқарсаң, «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» боласың

10.12.2018, 23:34

5

Семейді басқарған әкімдер үшін «Семей қаласының құрметті азаматы» деген атақ марапаттың төресі болып тұрған сияқты. Мәселен, таяуда ғана өткен Семей қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаланың бұрынғы екі әкімі – Нұрлан ОМАРОВ пен Мейрамхат АЙНАБЕКОВКЕ «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын беру депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болған (қазір зейнеткер) Жақсылық БАЙТҰҚБАЕВ та осы атаққа лайық болып шықты. Қызығы сол, қаланың құрметті азаматы атануға 11 адам «құмартқан» екен. Олардың арасында ақын, аудармашы Мұрат СҰЛТАНБЕКОВ пен ардагер журналист Қабидолла ШОТАНОВТЫҢ да аттары естіліп қалғанымен, «бақ» басшылық қызметтің қызығын көргендерге бұйырды.Жақсылық Байтұқбаевтың ертеректе Семей облыcтық прокуратурасында басшылық қызметтерде, кейіннен облыс прокуроры (1993-97) болғанын замандастары жақсы білдеі. Семей облысы таратылғанда да «далада қалмай», Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болып қызметін жалғастырып, ары қарай Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметтерін атқарып, «Даңқ», «Құрмет» ордендерінің иегері атанған. Облыс прокуратурасын басқарған адамға «Семейдің құрметті азаматы» атанудың да артық болмайтынын осындай қызмет жолына қарап аңғардық.Ал нағыз қызықтың көкесі бұрынғы екі әкімнің де бір күнде «Семей қаласының құрметті азаматы» атанғанында болып тұр. Нұрлан Омаров Семейді басқарғандардың ішінде қала әкімі қызметін 2 рет атқарғандығымен ерекшеленеді. Алғашында 2000 жылдың наурыз айынан 2001 жылдың қарашасына дейін қаланы небәрі бір жарым жыл ғана басқарып, облыс әкімінің орынбасарлығына «секіріп кеткенде» Омаровтың Семейге қандай еңбек сіңіргендігін ешкім түсінбей қалып еді. Жасыратыны жоқ, бұл облыс мәртебесінен айырылған Семейдің басынан бақ тайып, қала көшелері қараңғылық «құшағына енген» кезең еді. Қала басшылығына келгендердің екі жылдың бірінде қызмет ауыстырып, тұрақтамағанына да елдің еті үйрене бастаған. Сондықтан шығар, Омаровтың қайда кеткені ешкімге таң көрінбеді.[caption id=«attachment_20999» align=«alignnone» width=«1000»]Нұрлан Омаров[/caption]Алайда, облыс әкімінің орынбасары қызметін 3 жыл атқарған Н. Омаров 2004 жылы қала басшылығына қайтып оралды. Қала әкімі орынтағында 2007 жылға дейін отырған оны облыс басшылығына келген Жәнібек КӘРІБЖАНОВ қызметінен босатып, орнына Мейрамхат АЙНАБЕКОВТІ тағайындады. Обалы қане, Айнабеков халықтың ойынан шығып, тұралап қалған қала тіршілігіне қан жүгіртті. Қаланы дамытуға бөлінген бюджет қаржысының нақты бағыттарға дұрыс жұмсалуын қадағалап, орталық көшелер кеңейтіліп, жарықпен қамтылуы жөнге келе бастады. Қала тұрғындары «Айнабеков келіп, Семейдің көшесін айнадай етті» деген разылық сөздің әлі күнге дейін айтылатыны содан. Қаланы 4 жыл ғана басқарған осы әкім туралы небір аңыздар да тарап еді. Соның бірі әкімнің сенбі, жексенбі күндері көнетоздау киім киіп алып, ескі көлікке отырып, қаланы өзі аралап шығатыны болатын. Тиісті мекеме басшыларына өзі берген тапсырмалардың қалай орындалып жатқандығын жанына ешкімді ертпестен, жалғыз бақылап шығып, дүйсенбіде өтірік есеп берген талай шенеунікті тұқыртқаны сан рет айтылып жүрді. Айнабековтің бұл тәсілін одан кейін келген екі әкім қажетсіз деп санаса керек, қаланы қасына нөкерлерін қаптатып аралағанды жөн көретін болды. Бірақ, талай әкімнен «мұраға қалған» жылумен қамту мәселесі өткір күйінде қала берді. Есеп беру кезінде «Жылуға келгенде жұртқа қарауға жүзім шыдамайды» деп шынын айтқан қала әкімін облыстың жаңа әкімі Бердібек САПАРБАЕВ қызметінен босатты. Расы керек, облыс басшылығына жалтақтамайтын Айнабеков 2011 жылы қала әкімі қызметінен кеткенде оны Сапарбаевтың кетіргенін жұрт анық білді. Сапарбаевқа сөзінің турасын айтатын Айнабеков емес, өзінің айдағанына көнетін әкім ауадай қажет болды да, Шемонаиха ауданын басқарып отырған Айбек КӘРІМОВТІ әкелді.Бірінің орынын бірі басқан «Омаров-Айнабеков ойыны» осылай аяқталғанымен, екеуінің де «Семей қаласының құрметті азаматы» атанғаны не себепті қызық көрінгені түсінікті болар. Омаровтың қазан айының соңында комсомолдың 100 жылдық тойын ұйымдастырғанда Айнабековтен кейін басқарған Кәрімовтің төбе көрсеткеніне қарап, олардың ескі достар екеніне ел тағы да көз жеткізген. Айтпақшы, осыдан бірер жыл бұрын Ермак БИДАХМЕТҰЛЫНЫҢ Айнабековті шайға шақырып, әңгімелесіп отырған фотосы әлеуметтік желіде, артынша бірқатар БАҚ-тарда жарияланғаны бар еді. Кездесуден алған әсерін Сәлімовтің өзі де жасырмай, Айнабековті қаланың нағыз патриоты деп бағалаған ойын өз аккаунтында баяндаған болатын.Сонымен сөзімізді түйіндейік. «Семей қаласының құрметті азаматы» атағының бұрынғы басшыларға берілгеніне қарап, енді бірер жыл өткеннен кейін келетін әкім өзінің алдында басқарып кеткен Айбек Кәрімов пен Ермак Сәлімовке де «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын бергізсе таңқалуға болмас. Қызығы сол, ондай «эстафетаны» іліп әкетер әкім кім болар екен?.. Атақ бермес бұрын, екеуін бірге шайға шақырып қалуы да ғажап емес. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?

Аңдатпа


  • Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
    11:31
  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58