Семейлік кәсіпкер: Әкімнің ұсынысы ұнап тұрған жоқ!

01.04.2019, 15:22

98

Семейдегі орталық саябақта сәуірден бастап, көркейту жұмыстары жүре бастамақ. Алайда, қалалық әкімдіктің саябаққа енгізетін өзгерістері, одан кейінгі көрінісі қандай болатыны біраз кәсіпкерді тығырыққа тіреген жайы бар.

Парктен дәмхана, кафе ашып табысын еселеп отырғандар жөндеу жұмыстарыбасталса, клиенттерін жоғалтып алатынын айтып алаңдаулы. Шындығында қала әкіміЕрмак СӘЛІМОВТІҢ саябақты жөндеу жұмыстарына байланысты айтқан ұсынысы осындағыдәмхана иесінің ойынан шыққан жоқ.

Алдымен саябақтағы сауда нысандарының, қызмет көрсету орындарының иелерінеқайта қалпына келтіру жұмыстары жүретінін былтыр күзде ескертіп қойғанынарқаланып келген қала әкімі Ермак Сәлімов кәсіпкер Толымхан ТҰҢҒАТОВТЫҢ қарсылығынатап болды.

«Бұл -біздің аумақ. Қалатұрғындарына қажетті, бұдан да жақсы саябақ жасамақшымыз», деді қала басшысы. «Бұлбәрімізге ортақ жер емес пе? «Біздікі» дегенді қалай түсінеміз?» депқыңырая сөйлеген кәсіпкер әкімнің айтқанын ұқпаған сыңай танытты.

Жөндеу жұмыстары басталса, 4,5 гектар шамасындағы саябақ ішінің біразбөлігі уақытша қоршалатынын мәлімдеген әкім кәсіпкерге ешқандай кедергіболмайтынын түсіндірді.

— Саудаңды жүргізе бер,ешқандай қарсылығымыз жоқ. Темір қоршау жұмыс аяқталған соң алынып тасталдады. Бірақ,дәмханаңның есігін саябақтың сыртынан шығар, — деген Е. Сәлімов Тұңғатовтың өзін ертіп барып, шығаресігі болатын тұсты нұсқады.

Алайда, кәсіпкерге дәл қазір тұрған есігін басқа жақтан шығару ұнамайтынболып шықты. Тұңғатовқа есік бұрынғыша қалуы керек және қоршау әкім айтқандайкафесінің алдын жапқандай емес, кафе қабырғасын көлденеңінен бойлай салынуыкерек. Әкім бәрібір келіскен жоқ. Тіпті, егер келіспейтіндей сыңай танытса,саябақта саудасын қыздырып отырған басқа да «мықтылармен» сот арқылы сөйлесетіндігінайтып, доқ көрсетіп қойды.

Тек кафе қожайындары ғана емес, осында шағын дүңгіршектер ашып, балмұздақ,тәтті сусын сататындардың да ендігі жөндеуге іші жылып тұрған жоқ. Саябақішіндегі дүңгіршектердің барлығы енді бір шетке жиналып, істерін әрі қарайжалғастыра беретін болады.

Жалпы, маған әкімнің де,әкімдіктің де бұл бағыттағы ұсынысы ұнап тұрған жоқ. Менің осы дәмхананы сатыпалғаныма 10 жылдан асты. Егер саябақта нысан заңсыз салынса, сол кездегіәкімнің кінәсі. Шынын айтқан кезде сол кездегі коррупцияның кесірі. Меніңешқандай кінәм жоқ. Он жыл бұрын не болып, не былыққанын біз қайдан білеміз? Осындайөзгеріс басталып кетері де ойымызға келген жоқ. Сол кезде қаланы басқарып,көрінген тұстан заңсыз жер таратқан басшы қазір қаланың «Құрметті азаматы» атаныпотыр. Әкімнің «Есігіңді басқа жақтан шығар» дегеніне келіспеймін. Саябақ ішіменкеле жатқан адамдар менің дәмханама кіру үшін сыртынан айналып келе ме сонда?Әлде, бұзып есік шығара салу оңай деп ойлай ма? Оның өзі қаншама шығын. Жөндеужұмыстарын бастасын, көреміз, — деген Тұңғатов қалалық әкімдікке «өліспейберіспейтін» сыңайы барын байқатты.

Тап осы сәтте әкімнің кәсіпкерге кафенің есігін сырттан шығаруға нұсқаубергені Қожанасырдың әрекетіне ұқсап кетті. Яғни, пеш салған әпенді жан-жақтанақыл айтқан төрт көршісінің де көңілін қимай, аузын қай жаққа қаратса даыңғайлы болу үшін пешті арбаның үстіне салатыны бар еді. Әкім мен кәсіпкердіңесік үшін керісі сол әзілді еске түсірді.  

Аңғарып қарасақ, орталық саябақта басталатын жөндеудің салдарынан біразбизнесмен әкімдікпен әлі талай дауласатын жайы бар. Ал ғажайып саябақ орнатуғабелсене кіріскен қала әкімі осы бағыттағы жұмысты игеруге тиесілі қаржыоблыстық бюджеттен бөлініп отырғанын айтты.

— Орталық саябақтағы Шәкәрімескерткіші сол қалпынада тұра беретін болады. Көпшіліктің демалыс орнын талапқасай етіп қайта дұрыстап қалпына келтіріп, екі-үш айда аяқтайтын боламыз. Ондатүрлі спорт алаңдары болады. Балалар мен егде адамдар үшін қолайлы әрі ұнамдыболуына көңіл бөлінеді. Облыстық бюджеттен осы мақсатқа 1 млрд теңге бөлініпотыр, — дейді қала әкімі.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Сайт әкімшілігі 12:26
Нұр-Сұлтанда жалақы өсіруді талап еткен жүзден астам краншы жұмысын тоқтатты
Сайт әкімшілігі 11:52
Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды
Сайт әкімшілігі 09:45
Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 09:20
Бас санитар карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51