«Сенатор Мұрат Бақтиярұлының да ғылыми еңбегін тексеру керек»

26.11.2019, 20:13

7

Жақында сенатор Мұрат Бақтиярұлы білім және ғылымминистрлігінің лауазымды қызметтерге басшы тағайындау мәселесін сынға алып, ОңтүстікҚазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне ректор болып тағайындалғанАнар Қайырбекованың үстінен бұған дейін 16 тәртіптік іс қозғалғанын айтқанболатын.

«Қайырбековакейбір вице-министрлердің үстінен арыз айтқанын өздеріңіз білесіздер. 2014жылдан бері қарай оның үстінен 16 тәртіптік іс қозғалыпты. Ендеше бұл этикалықнормаға қаншалықты сай? Менің ойымша жоғарғы оқу орындарының басшылығынаабыройына қылаудай сызат түспеген адам тағайындалуы тиіс. Қайырбекованың осықызметке тағайындалуы қаншалықты заңды?», – деген еді Мұрат Бақтиярұлы.

Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттікпедагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова сенаторға жауап жолдады.

«ҚРПарламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлының маған қатысты жасаған мәлімдемесінебайланысты менің үстімнен ешқандай да 16 тәртіптік немесе қылмыстық істіңқозғалмағанын және бірде-бір мәрте әкімшіліктік жауапкершілікке тартылмағанымдыхабарлаймын», — дейді А. Қайырбекова өзінің фб-дағыпарақшасында.

«16 реттәртіптік, қылмыстық немесе әкімшіліктік жауапкершілікке тартылғаным туралышешімдірдің бар екенін Сенатор мырза құжаттармен дәлелдей ала ма? Жоқ! СондықтанСенатор Мұрат Бақтиярұлы өз мәлімдемесін сенімді және тексерілген ақпаратқасүйеніп таратқаны дұрыс болар еді. Заңгерлік білімі бар Сенатор құрғақ сөзбенәрі дәлелсіз, жалған мәлімдеме таратушылар – қылмыстық жазаға тартылатынынжақсы білсе керек. Ол маған кейбір вице-министрлерге байланысты арыз жазды, дауқуды деген кінә таққысы келеді. Иә, мен ҚР Білім және ғылым министрлігіндегібюджет қаржысын жұмсауда көптеген заң бұзушылықтар жіберген бір топшенеуніктерге және вице-министр Ф. Жақыпованың докторлық диссертациясыныңплагиаттық екенін дәлелдеген фактілерге байланысты құқық қорғау органдарынаресми түрде жүгіндім. Өйткені мен мемлекеттік қызметкер болғандықтан «ҚР Мемлекеттікқызмет туралы» заңына сәйкес кез-келген сыбайлас жемқорлық қылмысына бөгетболып, ол туралы хабарлау менің міндетім.

Өзтарапымнан айтарым, білім саласындағы этикалық нормаларға мазасызданғансенаторды мына бір факті де қатты ойландыратын шығар деп ойлаймын. МұратБақтиярұлы Қазақ Мемлекеттік заң академиясының Қызылорда филиалының директорықызметін атқарып жүргенде дәл осы оқу орнының дипломын, яғни, өзінің үшінші мамандығыныңдипломын алған. Енді жоғарғы оқу орнының директоры өзі басшылық етіп отырғаноқу орнының дипломын алу қаншалықты этикаға жатады? Сонда қалай, ол сабаққа күнсайын келіп қатысты ма, қызмет жағынан өзіне бағыныштыларға емтихан тапсырдыма, дипломдық жұмысын қорғады ма? Осыған байланысты оның диссертациялықеңбегіне байланысты да сұрақ туындайды. Яғни, бірнеше дипломның иесі жәнебірнеше ғылыми дәрежесі бар Сенатордың ғылыми еңбектерін де плагиаттыққатексеріп көргеннің ешқандай артықтығы жоқ. Сондықтан Сенатордың бұл мәлімдемесіжалаға құралған және менің іскерлік абырой-беделімді түсіру мақсатындатапсырыспен жасалған сияқты. Маған жала жапқаны үшін Мұрат Бақтиярұлынтәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ҚР Парламенті Сенатының этика жөніндегіКомиссиясына өтініш жолдадым», — деді Қайырбекова ханым. 

Фото: turkystan.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04