Сенатор Мұсабаевтың отставкасын талап еткен кәсіпкерге айыппұл салынды

23.08.2019, 15:06

228

Алматы қаласы Бостандық ауданының соты ғарышкер және парламент сенатының депутаты Талғат МҰСАБАЕВТЫҢ кәсіпкер Бахт НИЯЗОВҚА қатысты ар-намысы мен іскерлік беделін қорғау туралы түсірген шағымының шешімін шығарды деп хабарлайды Жас АЛАШ сайтының тілшісі.


Сот Талғат Мұсабаевтың кәсіпкерге қатысты түсірген азматтық шағымын ішінара қанағаттандырды. Кәсіпкер Бахт Ниязов енді Мұсабаевқа моральдық зиян келтіргені үшін 150 мың теңге, сот шығындары үшін 100 мың теңге және қосымша сот шығынына  3905 теңге, сараптама жүргізілгені үшін 75 мың теңге көлемінде өтемақы төлейтін болды. 
Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер Ниязов Мұсабаевты өзіне қысым жасады деп, қарындасы Гүлнәр МҰСАБАЕВАНЫ рейдерлік етті деп айыптағаны туралы ақпарат тараған еді. Ал, Талғат Мұсабаев кәсіпкерді өзіне жала жапты деп сотқа беріп, 10 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен. 
Даудың өршуіне кәсіпкердің «Нұр Отан» партиясының  бірінші орынбасары Мәулен ӘШІМБАЕВҚА «Талғат Мұсабаев өзінің беделін пайдалана отырып қысым көрсетті» деген мазмұнда жазылған хаты себеп болған.
Кәсіпкер 2013 жылы Алматыда тұрғын үй кешенін салуды жоспарлайды. Тұрғын үйді аяқтамай жатып, серіктері Виктор МОРОЗОВ пен Гүлнар МҰСАБАЕВАДАН (ерлі-зайыптылар) үлестерін сатып алып, құрлысқа 300 млн теңге құйып аяқтаған. Ниязов мырзаны айтуынша, 2016 жылы ек іжақты келісім-шарт жасалған. Алайда, сенатордың туыстары қол қойылғанымен шартты қайта қарап, 2 млн доллар талап еткен. 

2018 жылдың 16 шілдесінде Алматы қаласы әкіміне Талғат Мұсабаев шағым хат түсірген. Онда Талғат Мұсабаев отбасының мүшелерін «Маунти Драив» тұрғын үй кешеніне жіберілмейтінін, Ниязовтың тарапынан жер иленушінің құқығы бұзылған баяндайды. Және тексеріс жүргізуді талап етеді. Мінен осыдан кейін кәсіпкер «Нұр Отанға» шағымданған. Әуелі 2019 жылдың мамыр айында сенаторды отставкаға кетуін де талап еткен.


Фото: www.inform.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02