Серікбай Нұрғисаев суға түспей қойды

12.11.2019, 12:50

38

Бүгін Алматыоблысының мемлекеттік қызметкерлері барлық жұмысын ысырып қойып, суға жүзуденсайысқа түсті. Алғаш рет өтіп отырған спорттық шараны осыған дейін арбажарыстырып, тарихи қойылымдарға белсене араласып жүрген әрі туризмді вайнерлерарқылы насихаттайтын, Алматы облысындағы «Рухани жаңғыру»бағдарламасын жүзеге асыруды «меншіктеп» алған облыстық Ішкі саясатбасқармасының басшысы Рұстам АЛПЫСБАЕВ ұйымдастырды. Жас шендінің идеясыноблыстық спорт басқармасы мен ҚР Қызмет істері агенттігінің Алматы облысыбойынша департаменті де қолдаған екен. 8 басқармадан жиналған 25 мемқызметкербассейнде бақ сынап, командалық және жекелей сында жарысты. Бірақ шараның ашылусалтанатында сөз сөйлеп, жас әріптестеріне сәттілік тілеген облыстың бастымемлекеттік қызметкері Серікбай НҰРҒИСАЕВ та Ішкі саясат басқармасының басшысыРұстам Алпысбаев та бұл жарысқа қатыспады.

«Білесіздер ғой, мен ешқандай жарыстан қалмаймын. Атжарысы, шаңғы, коньки, теннис, футбол, волейбол бәріне қатыса берем. Жүзуге деаптасына 2 рет барамын. Бірақ бұл жарысқа белгілі себептермен қатыса алмаймын», -деді ҚР Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы Серікбай Нұрғисаев. 

Жарыс қорытындысыбойынша Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымықты жүзетіндерін көрсетті.


«Екі номинация бойынша бірінші орынды жеңіп алдық.Бәріміз ауылда өскен соң, өзен, көлге шомылдық. Кәсіби жүзуші емеспін. Жарысқаарнайы дайындалған жоқпын. Дегенмен, бүгінгі жарыс маған ерекше ұнады», — дейді Алматы облысы Жолаушылар көлігі және автомобильжолдары басқармасының бас маманы Алмаз НАҚЫПБАЕВ.

Алматы облысында8500 мемлекеттік қызметші бар. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізгенсауалнама нәтижесінде олардың 70 пайызы спортпен шұғылданып, салауатты өмірсалтын ұстанатынын жеткізген екен.


Фотолар автордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11