Сержант қалай жараланды?

30.07.2018, 22:39

354

33 жастағы Асан СЕНБІҰЛЫ 12 жылдан бері Қарағанды облысының 5451 әскери бөлімінде 12 жылдан бері қызметр атқарып келе жатқан. 28 күні ол Қарабас оқу жаттықтыру орнын тазарту барысында жерден шығып тұрған белгісіз пластикалық затты ұстап қалғанда ол қолында жанып кеткен. Қазір науқастың  жағдайы орташа, жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылған.

Облыстық медициналық орталығы директорының орынбасары Талғат ЖҮКЕННІҢ сөзінше, Асанның жағдайы бір қалыпты, орташа ауыр болып есептеледі.

«Кеше ол Абай қаласының ауруханасына түскен. Ондағылар бірден алғашқы көмек көрсетіп, қолына ота жасады. Кейін санавиациямен Қарағанды облыстық медицина орталығына көшірілді. Біз басына және көзіне ота жасадық. Нақты науқастың диагнозын оның рұқсатынсыз мен айта алмаймын. Жалпы жағдайы орташа», — дейді дәрігер.

Ал, зардап шеккен азаматтың айтуынша, қаруға салып ататын оқтың қалдығы болуы мүмкін.

« Бәлкім, бұл мылтықты оқтаутындағы құрылғы болуы мүмкін. Оқу барысында сарбаздар сонымен жұмыс жасайды. Біздің өзімізде қару жоқ. Нақта атауын әсери бөлім командирлерінен сұрау керек»,- дейді Асан Сенбіұлы.

Бірден материалдық көмек кқрсетіп, 5451 әскери бөлімі қылмыстық кодексінің 42 бабы бойынша қылмыстық іс те қозғаған.

«Қазіргі таңда 42 бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни жарылыс затты абайсызда қолдану. Ал, нақты не екенін біз айта алмаймыз, қызметтік тергеу жұмысы жүрып жатыр. Отбасына және келісім шарт бойынша қызмет етіп келген әріптесімізге көмек көрсетіп жатырмыз»,- деп қысқа қайырған 5451 әскери бөлімінің командирі  Қарақат ҚҰЙҚАНОВ жарылғыш заттың сипатын айтудан бас тартты.

Абай қаласының тұрғыны Асанның кәмелет жасына толмаған екі баласы бар екен. Көршілері оны еңбекқор, ортамен қарым қатынасы жақсы екенін айтады. Бір емес үш жеріне ота жасалынған әскери қызметкер енді қатарға қосыла ала ма, оны әзірге ешкім тіс жарып айтпады.

Фотолар автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 17:58
Алматыда сакура ағаштарын отырғызды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27