Шахтинск кеншілері үстемақының жартысын басшыларына береді

03.07.2019, 14:24

102

Қарағандыоблысындағы Шахтинск шахтасында еңбек етіп жүрген жиырма шақты кеншініңбасшыларына деген өкпелері қара қазандай болып тұр. Олардың айтуынша, басшыларыосы уаққа дейін олардан ақша бопсалап келген.

Бұл кеншілеркен орнындағы ең қауіпті әрі қараңғы жер бөліктерінде еңбек етеді. Олардың бұлзиянды жұмысы үшін ұжымдық келісім шарт бойынша еңбек ақыларына 30 пайыз үстемақықосылады. Кеншілердің айтуынша олардың осы табан ақы, маңдай тері үшінберілетін үстемақының бір бөлігін басшылық жағы қысып қалады.


— Олар бізге бұл соманы төлеген, бірақ бізге шарт қойғанболатын, яғни мен сендерге қосымша ақы табуға мүмкіндік беремін, бірақ сол соманыңжартысын маған беріп отырасыңдар деді. Мен әрі қарай өзімнен үлкенбасшылықтарға беретін боламын деген еді, — дейді Шахтинск кен орнының жер астыэлектрдәнекерлеушісі Камиль НАСИБУДИН.

Кеншілербасшылықпен ақшаны бөліспеген  жағдайдаөздеріне жұмыста қиындықтың туындайтынын айтады.

Мен 2018 жылы бұл ақшаны беруден бас тартқан едім, бастықмені басқа жұмысқа ауыстырып жіберді, сосын түрлі сылтауларды тауып, мені үстемақыданайырды, — дейді электр дәнекерлеуші Альфред КАМБУЛАТОВ.

Кеншілердіңайтуынша, ақша жинау 2010 жылдан басталған. Ұжымдық келісім-шарттыжұмыскерлерге мүлдем көрсетпепті. Кеншілер ақпанда Шахтинск қаласыныңпрокуратурасы мен полициясына ұжым болып шағым түсірген. Кеншілерге ұсыныстастаған ауысым бастығының үстінен лауазымын асыра пайдаланды деген бап бойыншақылмыстық іс қозғалған. Алайда ол бірден өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті. Кеншілердіңадвокаты Илья МАХЛОВТЫҢ айтуынша, сотқа дейінгі тексеру уақыты баяғыдааяқталғанмен, одан ешқандай нәтиже шықпапты.

Шахтинсккен орнындағы жанжалды оқиғаға қатысты «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы БАҚөкілдеріне ресми жауап таратты. Бұл жауапта кеншілер компанияның қауіпсіздікқызметіне жүгінгеннен кейін аталмыш мәселе жөнінде құқық қорғау органдарын хабардар еткенін көрсеткен.Сондай-ақ компанияның қауіпсіздік қызметі тексеру жасап, соның нәтижесі бойыншажауапты басшылыққа жаза тағайындалыпты. Ал бұл оқиғаға қатысты құзырлы орындарәзірге жауап берген жоқ.

Фотоларды автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44