Шалғайдағы ауылдарға «көгілдір отын» тартылуда

21.09.2018, 14:39

230

Түркістан облысының шалғайдағы ауылдарына да «көгілдір отын» тартылуда. Ауылдағы халық қысқа отын әзірлеу, көмір түсіру сияқты қиындықтардан құтылып жатыр.Атап айтқанда, Арыс қаласы, Ақдала және Қожатоғай ауылдық округтеріндегі елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаруаларға деп облыстық бюджеттен 88,9 миллион теңге қаржы бөлінген.-Бірінші кезең бойынша нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен биыл 884 миллион теңге, 2019 жылға 500 миллион теңге, 2020 жылға 1581 миллион теңге қаржы қаралып отыр. Екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарына республикалық қазынадан биылға 719,8 миллион теңге, 2019 жылға 219,7 миллион теңге қаржы бөлінуде. Ал, кезеңде 567 миллионтеңгені игереміз деп отырмыз. Егер осы жұмыстар аяқталса, қаламыздың 50 мыңға жуық халқы көгілдір отынға қол жеткізеді. Жалпы 2018-2025 жылдары қалаға қарасты 26 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл қала халқының 99,5пайызынқұрайтын болады, – деді Арыс қаласының әкімі Мұрат ҚАДЫРБЕК.Сондай-ақ, онда ауыз су мәселесі де оңтайлы шешілуде. Қазіргі таңда қаланың Талдықұдық және Отырар тұрғын ауданындағы магистралды су өткізгіш тораптарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы сметалық құны 803,024 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік сараптама қорытындысы шықса, өткен жылы құрылыс жұмыстары басталған. Жоспар бойынша нысан жыл соңына дейін тапсырылады.Газ құбыры әр үйдің алдына дейін тартылады.Әкімдік газ тартушы мекемелермен меморандумға отырған, әр үйге кіргізу құны 160-180 мың теңге көлемінде болады.Фото: time.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:44
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде
Сайт әкімшілігі 02.12.2021, 12:44
Kaspi.kz мобильді ақша аударымына байланысты сұрақтарға жауап береді
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 13:00
Шымкентте жалдамалы пәтерден 22 жасар қыздың мәйіті табылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:20
Қазақ-түрік лицейлерінің орнын немен толтырамыз?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 01.12.2021, 09:00
Қартайып емес, күйзелістен таусылатын болдық...
Сайт әкімшілігі 30.11.2021, 19:00
Қарағанды мен Теміртау қалалары орталық газ желісіне қосылды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00