Шалқарда жолға бөлінген ақшаны шенеуніктер жеп қойған

15.08.2019, 10:18

218

Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы төрт жолды жөндеу үшін 2018 жылы бюджеттен38 миллион теңге бөлінген еді. Алайда жасалған жол жоқ, бөлінген қаражаттышенеуніктер қалтаға басқан. Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл облыстықдепартаменті Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыларкөлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Шалқар ауданы әкімдігінің бірнешеқызметкеріне қатысты істі тергеп жатыр. Бірақ та Мирлан МҰХАМБЕТОВ басқаратынорган нақты күдікке іліккендердің аты-жөнін жарияламай отыр.  

«ЖасАЛАШ»тілшісінің дереккөзінің хабарлауынша, «сеніп тапсырған бөтен мүліктіиемденіп алу және талан-таражға салу» бабы бойынша аудан әкімінің орынбасарыүстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Бұл факті анықталған жағдайда Шалқар ауданыныңәкімі Бауыржан ҚАНИЕВ қызметінен кетуі тиіс. Олай деуіміз президентҚасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2019 жылдың 20 мамыр күні «қарамағындағы шенеунік жемқорлықбойынша ұсталса, басшысы отставкаға кетуі керек» деген болатын.

«2018 жылыШалқар қаласының Тұңғатаров, Боранбайұлы, Бостандық және Қарағұл көшелерініңжолын жөндемей тұрып, жұмыстарды қабылдап, мемлекеттің 29 миллион теңгесінаударып жіберген. Бұл деректі облыстық тексеру комиссиясы анықтады. Қазір сот экономикалықсараптама тағайындады. Іске қатысты адамдардан жауап алынып жатыр», — дедіАқтөбе облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Жәнібек ТӨРЕБЕКОВ.

Шалқардағы төрт көшеге тас төселгенде тұрғындар қуанғандарын айтады. Кейінжұмысты тексеруге арнайы келген ревизициялық комиссия жұмыстың жартылайістеліп, биттің қабығындай асфальт құйылғанын анықтаған. Ал қазынадан бөлінгенақшаны мердігерге аудара салған. Тіпті шенеуніктер атқарылған жұмысқа қатыстыжалған құжаттар әзірлеген.


Фото: trans.ru


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 20.10.2021, 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 20.10.2021, 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі
Еркежан АРЫН 19.10.2021, 14:40
еGov принциптері банктерді цифрландыру саласында қолданыс табуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2021, 14:01
Алматыда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы асында 1100-ден аса жоба қаржыландырылды
Нұрай РАХЫМ 19.10.2021, 12:49
Тағы да «СК-Фармацияның» жыры
Бифат ЕЛТАЕВА 19.10.2021, 11:16
Жаңарған ҚазҰУ

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31