Шардара лагерінде 100 баланың қасында 37 қызметкер демалмақ

27.05.2018, 17:29

128

Шағалалы Шардарада мынандай бір қызық мәселе боп тұр. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара аудандық әкімдігі «Шардара аудандық оқушылар үйі» МҚКМ биылғы жылдың сәуір айында Шардара су қоймасының жағасынан балалардың жаздық сауықтыру лагеріне ғимарат жалға алу үшін тендер жариялапты.Тендердің міндеттемесінде мына талаптар анық көрсетілген: Ең алдымен жаздық лагердің 37 қызметкері болуы тиіс. Олардың жатын орындары да болуы тиіс. Лагердің асханасында 100 балаға және әлгі 37 қызметкерге де ас берілуі керек. Және бір қызығы, балалардың қауіпсіздігі мен жақсы демалуына бақылау жасауы тиіс 37 қызметкер түскі үзілісте олармен бірге ұйықтауы тиіс екен.Сонда жаздық лагерьде 100 бала демалуы керек болса, оларды 37 қызметкер қадағалауы тиіс. Яғни, әрбір 2-3 балаға бір қызметкерден бекітілген боп тұр ғой. Осыдан кейін Шардара ауданы басшыларының балаларға деген ерекше қамқорлығына таң қалмай көріңіз. Олардың жаздық лагерьде балалармен бірге үлкендерді де демалдырып алуды ойластырып қойғандарын қалай түсінсеңіз, олай түсініңіз… Ең бастысы, бәрі мемлекеттің есебінен.Тағы бір айтары, тендерге о баста 5 357 142 теңге қойылса, қатысушы 4 449 995 теңге ұсынып, жеңіп алған. Осыдан кейін бір күнде бір балаға жұмсалады деп есептелінген о бастағы 893 теңге 742 теңгеге дейін төмендеген.-- Егер ақпарат құралдарында жазылған мәліметтерге сенсек, біздің елде түрмеде отырған бір қылмыскерге бір күнде 2 мың теңге жұмсалады екен, — деп «Ақ жол» партиясының бір топ депутаттары бұл жағдайға аң-таң болып отыр.

Фото: ontustik.gov.kz

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 08:45
Қазақстанның сот жүйесін нығайту
М.СӘУЛЕБЕК 22.07.2021, 16:52
Инфрақұрылым – ең басты мәселе
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.07.2021, 10:51
Қысқа әзірлік сылбырлықты көтермейді

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55