Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға: 2 қылмыстық іс қозғалды

Сайт әкімшілігі

02.06.2021, 12:26

1099

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға бойынша полиция екі қылмыстық істі тергеп жатыр, — деп хабарлайды «Жас Алаш».

Атап айтқанда, екі бап бойынша: 306-баптың 3-бөлігі «Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер» және 141-баптың 2-бөлігі «Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет» бойынша тергеу басталды.

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 306-бабының 3-бөлігі бойынша төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы көзделген.

Ал ҚР ҚК-нің 141-бабының 2-бөлігі бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Еске салайық, 29 мамырда күндіз Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы каньонның төменгі бөлігінде сел жүргені хабарланған болатын. Сел тасқыны ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған. Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғадан алты адам жарақат алып, 2 адам қаза тапты. Кейін қаза тапқан екі адамның оқушы мен мұғалім екені анықталды.

30 мамырда Қазақстан ТЖМ өкілдері Шарын шатқалындағы селден кейін жоғалып кеткен 11 жасттағы қыздың табылғанын хабарлаған еді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39