Шекарашылар браконьерліктің жолын кесті

Сайт әкімшілігі

20.09.2020, 09:55

161

18 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік шекарасын күзету кезінде Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің бойында, Атырау облысы Исатай ауданының Амангелді аймағында «Байда» және «Бударка» типтес жүзбелі құралдармен Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды.

Жүзу құралдарына тексеріс жүргізу кезінде шекарашылар жалпы салмағы 245 келі болатын аулауға тыйым салынған 64 бекіре балықтарын тапты. Браконьерлік құралдар мен GPS навигациялары табылды, олардың көмегімен құқық бұзушылар ашық тұрған торлардың орналасуын оңай анықтай алатын болған.

Браконьерлерді түнде жұмыс істегендеріне қарамастан, шекарашылар дер кезінде анықтай алды.

Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің шекара отрядының үйлесімді және шебер іс-қимылдарының арқасында мемлекетке 100 миллион теңгеден астам шығын келтірілді деп есептеліп отыр.

Қазіргі уақытта ұсталған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәркіленген балық аумақтық ішкі істер органдарына өткізілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15