Шектеу талаптары қажет

Миуа БАЙНАЗАРОВА

30.04.2021, 09:12

2269

Жыл бұрын пандемия деп жарияланған індет біз ойлағаннан да ұзаққа созылуда. Бірде бәсеңдеп, бірде өршіген коронавирус көңілдегі күдікті сейілтпей тұр. Жұрттың ойы – вирус жұқтырып алмауда. Қазір COVID-19-дың бетін қайтарудың екі амалы бар: бірі – екпе егу, екіншісі – жаппай локдаун жариялау. Бірақ екіншісінің қолайсыздығы, жұмыс орындарындағы өзгерістер, оқшаулану, кәсіпкерлік нысандарының жабылуы адамдар тіршілігіне де, экономикаға да тиімсіз екені бірден байқалды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың басшылығымен өңірлік жедел штаб отырысы өткізілді. Жиынға әкім орынбасарлары, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, аумақтық департамент, инспекция басшылары және селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты. Аймақ басшысы індеттің өрши түсуінен Қызылорда облысы «қызыл аймақ» қатарына енгенін айтып, сақтық шараларын күшейту амалдарын қайта қарап, вакцина салдыруды белсенді жүргізу қажеттігін ескертті.

     – Аймағымызда эпидемиологиялық жағдай күрделенуде. Бүгіннен бас­тап облысымыз «қызыл аймаққа» кірді. Тәулігіне 50-ден астам жағдай тіркеліп, жаппай қайта жұқтыру қаупі белең алды. Резервтегі төсек-орындар, дәрі-дәрмектердің және қорғаныш құралдарының қоры, медициналық бұйымдардың қажеттілік саны дайын болу керек. Індетті жеңудің жолы – сақтық шараларын күшейтумен қатар, жаппай вакцинациялау. Жерлестерімізді жауапкершілік пен тәртіпті нығайтуға шақыруымыз қажет, – деді облыс әкімі.      Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов өңірдегі жағдайдың қазіргі сипатын баяндады. Облыста індет жұқтырған 4890 адамның 86 пайызы жазылған. Ал пневмониямен ауырған 548 науқастың 447-сі емделіп шықты. Қазіргі таңда стационарларда 715 төсек-орын ұйымдастырылған. Егер індет күшейген жағдайда инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орын қорын 3200-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Оның 518 орны орталықтандырылған оттегімен жабдықталған. Індет ахуалына сәйкес, тәуекел топтағы адамдар да ерекше бақылауда. Ол үшін 138 дәрігерлік мобильдік топ үйден ем жасауға көшті. Өңірде екпе егу өз деңгейінде жүргізілуде. Бүгінгі күні вакцинаның I компонентінің 21 100 дозасынан 20 945 адамға егілсе, II компоненттегі 16 100 дозаның 5108-іне екпе жасалды. Қалған 10 992 доза кестеге сәйкес жасалады. Шектеу шараларына сай талапты сақтау мақсатында құрылған мобильді топ құрамына 108 полиция жұмылдырылған. Арнайы топ жыл басынан бері 216 карантин талаптарын бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 144 дерек тойханалар мен үй жағдайларында жиын өткізу, 49 ойын-сауық мекемесінде, 22 дүкенде карантин талаптарын бұзу дерегі орын алған.

      Облыс әкімі індет көрсеткіштерінің көбеюіне орай, қоғамдық орындарда, халық көп шоғырланатын нысандарда рейдтік шараларды қатаң түрде күшейтуді тапсырып, мониторингтік топ жұмысының белсенділігін арттыруды міндеттеді. Жиында облыстық медициналық және фармацевтикалық қадағалау департаментінің басшысы Ғалия Байменова дәрі-дәрмек қорын толықтыру туралы, облыстық ішкі сая­сат басқармасының басшысы Мира Қазбекова халық арасында індеттен сақтану, вакцинаның қажеттілігі туралы ақпараттық материалдар қорын топтас­тыру бағытындағы жұмыстарды атап өтті.  Сала басшыларының індетпен күрес жүргізудегі іс-әрекетін електен өткізген облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасының басшысына барлық медициналық мекемелердегі төсек-орындарға ревизия жасап, тұрғындар арасында вакцинациялау жұмыстарын күшейтіп, қосымша егу пункттерін ашуды жүктеді.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58