Шелек ауданы оңаша отау тігуге қауқарлы

Нұрлан ЕСДӘУЛЕТҰЛЫ

26.04.2022, 10:30

3452

          Биыл ауылдағы ағайын үшін ақ түйенің қарны жарылған жыл болғалы тұр. Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары құрылды. Ендігі кезек аудандардың қайтадан бөлінуінде. Мәселен, 1997 жылы Шелек ауданы оңтайландыруға ұрынды. Сол жылы Алматы облысында оңтайлануға ұшырамаған Ақсу ауданында 40 500 адам,  Көксуда 40800 тұрғын, Балхашта 30065 адам, Қаратал ауданында  47717 адам тұрған болса, Шелек ауылында қазір 35 мың  тұрғын бар.

Шелек пен Еңбекшіқазақ аудандары қосылған тұста, ауданның жылдық бюджетінің 62,5 пайызы Шелек өңірінің үлесі болған. «Шелек өңірінде таулы, орманды, егістік,  шабындық, жайылым 538,830 шаршы шақырым жер бар. 19 кеңшарда 22 мың жұмысшы 4 түлік мал бағып сүт, ет, жүн, жүгері, алма, жүзім, жеміс-жидек, техникалық өнім, темекі өсірумен айналысқан-ды.  Алматы-Қорғас теміржолы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолы,  Алматы-Нарынқол, Алматы-Панфилов тас жолдары осы Шелек арқылы өтеді.

Бартоғай су қоймасынан (320 млн куб/метр)  бастау алған 168 шақырымға созылған Үлкен Алматы каналы арқылы 150 мың гектар жер суарылады. Өңірдегі «Шелек жолаушы» тасымалдау кәсіпорны, газбен қамту кәсіпорны, кірпіш зауыты, тігін фабрикасы, Казсельхозтехника, жүгері  өңдеу және құрама жем жасайтын зауыттар, байланыс торабы ЭТУС  бөлімі  1997 жылға дейін Алматы облысының Шелек, Нарынқол, Кеген, Ұйғыр аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетіп тұрды. «Радиоцентр-7» 14  тілде жаңалықты шетелге таратып отырған режимді мекеме тағы бар. 5 аудан бойынша автокөлік есебі, жүргізуші куәліктерін беретін мекеме болған-ды. Аталған кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысын тоқтатуы олар қызмет жасаған басқа аудандарға да қиындық туғызды. 1997 жылы 5 ауылда 290 орындық ауылдық ауруханалары, Шелекте туберкулез, тері аурулары, терапия ауруханалары жабылып қалды.

1997 жылдан бері, яғни 25 жыл Шелек ауруханасы ауыл тұрғындарын ғана қабылдайтын болып қалды, ал басқа елді мекендерден (Шелек өңірінен) түскен науқастарды 90-130 шақырым қашықтағы Есікке жеткізетін болды. 220 отбасы  4 қабатты үйлерде отын, көмірді жоғары тасып, күлін төменге шығарумен әлектеніп келеді. Әскери міндетін өтейтін жастар комиссиядан өту үшін Есікке шапқылайды. 9-11 сыныптардың оқушылары тест тапсыру үшін тағы да Есікке баруға мәжбүр. Шелек өңіріндегі 34 мектептің 9-10 сыныптарындағы балаларды әскери есепке тіркеуге, медициналық комиссиядан өткізуге 3 күн бойы ары-бері тасу – ата-аналар үшін ауыр. Кеңес одағы кезінде  салынған балабақшалар тозығы жетіп, құлағалы тұр. Мысалы, Тескенсу, Көлді ауылдарынан ата-аналар Толқын ауылына 8 шақырым жол жүріп, балаларын балабақшаға апаруға мәжбүр.

    Жолаушы тасымалдау жағы да дұрыс ұйымдастырылмаған. Таксистер Алматы-Шелек арасына 1500-2000 теңге жолақы алады. Онысы студенттердің қалтасына едәуір салмақ салады.

Шелек ауданын қалпына келтіру мәселесі жылда депутаттармен кездесулерде, аудан әкімінің халыққа берген есептерінде көтеріледі. 10 мыңнан астам тұрғын, оның ішінде, еңбек ардагері, әр ұлт өкілдері экс-президентке, үкімет басшысына, парламентке жолдаған хаттар жауапсыз қалды.

       Өңірде 6000  шаруа қожалығы, 100 ЖШС, 2196 жеке кәсіпкер, 2 шарап заводы жұмыс жасап, өңдеу өнеркәсіп орындары ашылуда. Елімізде урбанизация үрдісі өріс алса да, өңірде Кеңес кезіндегі кеңшар бөлімшелері  Ақтоған, Ақтума, Бабатоған, Бесбаз, Бұрандасу, Қызылбаз, Киікбай, Көкпек, Көктерек, Петрушка, Тауықбаз, Таусүгір, Сартау, Шадай шағын ауылдары пайда болып, оларды малшы қауым тұрақты мекендеп отыр. Бүгінгі күні өңірде аудандық мәртебесі бар ішкі істер бөлімі, аудандық сот учаскесі,  прокуратура, «Халық» банкі, «Каспий» банктің бөлімдері, шағын кредит беретін мекеме, 250 орындық аурухана, мұражай, архив, халыққа қызмет көрсету орталығы, «Қазпошта» байланыс орталығы, орман шаруашылығы, Шелек су құбыры, Шелек электр жарығымен қамтамасыз ететін кәсіпорын, мал дәрігерлік станция, жол торабын бақылайтын кәсіпорын, саз, спорт мектебі, 2 колледж бар. Өңірдегі мемлекеттік мекемелердің барлық ғимараттары  жұмыс істеп тұр. Бұрынғы кәсіпорын ғимараттары: сүт зауыты, сыра, нан зауыттары, автобус паркі, Казсельхозтехника, жүгері өңдеу зауыты, құрама-жем шығару зауыты, автобаза, Шелек тігін фабрикасы, ПМК-701, СПМК-3, Шелек тұтынушылар одағының автопаркі, «Филип-моррис» темекі қабылдау цехі, жеміс консервілеу цехының ғимараты бүгінгі күнде бос тұр. Аудан қалпына келтірілсе, оларды тиімді пайдалануға жол ашылар еді.

Шелек өңірінде ірі инвестициялық жобалар да жүзеге асырылуда. Нұрлы ауылында құс фабрикасы, жел электр станциясы іске қосылды. Масақта 5 МВт екі жел электр станциясы, Сөгетіде күн электр станциясы, Шелек өзенінде ГЭС каскадының құрылысы, вольфрам кендерін өндіру бойынша Бұғыты тау-кен байыту комбинатының құрылысы жүріп жатыр. Тауқаратұрықта 118 гектарға интенсивтік бақ отырғызып, жеміс сақтайтын қойма іске қосылды. Қорамда, Тескенсуда қойма құрылысы жүргізілуде.  Бартоғай су қоймасына қуаты 33,1 МВт  су электр станциясын салуға «Жарық-Су LТD» тоннель салуды бастады. Кезінде жылына 1200 тонна товарлы балық өндірген Шелек тоған шаруашылығы жандана бастады. 2021 жылы тек Шелек ауылының дамуына 2 млрд 500 миллион теңге инвестиция тартылды. 600 миллион теңгеге Шелек ауылында 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталды. 232 гектар жерге инфрақұрылым электр жүйесі, су құ- быры тартылып, 1400 отбасы жер телімін алып, үй салуға даярлануда. 360 миллион теңге орталық саябақты абаттандыруға жұмсалып отыр. Шелек

өңірі өзін-өзі алып жүруге мүмкіндігі мол. 

    2018 жылы 16-ақпанда Түркістан облысындағы халық саны 323 мың адамды құрайтын Сарыағаш ауданы екі ауданға: Сарыағаш пен Келес болып бөлінсе, 300 мың тұрғыны бар Мақтаарал: Мақтааарал, Асықата, Жетісай болып отау көтеріп шықты. Ал өзіміздің 71 мың тұрғыны бар Райымбек ауданы: Райымбек және Кеген ауданы болып екіге бөлінді. Ендігі кезек Шелекке келіп тұр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01