Шенеунік һәм депутатқа айналған журналистер

05.11.2019, 09:01

45

Көкейіндегі балғын арманы журналистикаға сүйреп келгенкей бозбалалар қазақ қара сөзінің қара нарына айналып, қасқайып алдымыздажүрді. Сөзімен үлгі болды, өнеге көрсетті. Ал сол арманымен ентігіп журфактың табылдырығынаттағандардың кейі аты шығып, атақ алған соң өзгеше сүрлеуге түсті. Әкімніңбаспасөз хатшысы болды, партияның, президенттің баспасөзін басқарды. Тіпті,депутат, әкім орынбасары болып, қып-қызыл шенеунікке айналғандары да жоқ емес.Ендеше солардың бір парасын мәртебелі оқырманға ұсынып көрейік.

Берік УәлиЖүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және киноинститутында «Кинотанушы» мамандығы бойынша оқыды. Әл-Фараби атындағықазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ,гуманитарлық-заң инновациялық университетін "Құқықтану" мамандығыбойынша білім алған.

«НТК»,«Таң» телеарналарында тілші, жауапты, бас редактор қызметтерінатқарған. Qazaqstan арнасында тележүргізушісі, «Нұр Медиа» сыбайласжемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болды. Оңтүстік Қазақстан облысыәкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясатжәне дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасыныңбасшысы қызметтерін атқарған. Қазір президенттің баспасөз хатшысы.

Оқиотырыңыздар: Әкімнен әкім туады

Ержан БайтілесӘл-Фараби атындағы қазақ ұлттықуниверситетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан»секілді іргелі басылымдарда жұмыс істеген. Қызылорда қалалық мәслихатыныңдепутаты, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасарықызметін атқарған. Қазір президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.

Бағлан Майлыбаев 1996-жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ҰлттықУниверситетін журналист мамандығы бойынша бітірген. «Казрпавда», «Заң»газеттерін басқарған. Экс-президент Назарбаевтың баспасөз қызметінің жетекшісі,баспасөз хатшысы болған. 2011-жылдың қазан айында Назарбаевтың ЖарлығыменҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болыптағайындалған. Алайда 2017 жылдың, Республикабюджетінен 1,3 млрд тенге жымқырған, әрі мемлекет құпиясын жайды деген айыппен 12-шіқаңтарда қызметінен босатылып, екі күннен кейін қамауға алынып, кінәсіанықталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Оқи отырыңыздар: Сенімнен айырылғандар

БейсенТәжібаев. «Шымкент-ақпарат» компаниясының журналисті болып қызметжолын бастаған. Бүгінде «Nur Otan» партиясыТүркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Айдос Үкібаев1997 жылы Қазақ мемлекеттік университетініңжурналистика факультетін бітірген. Хабар" агенттігі" АҚ басқарматөрағасы, алдыңғы президенттің баспасөз хатшысы болған. Қазір де экс-президентНазарбаевтың баспасөз хатшысы.

Артур Платоновнегізінен музыкант. Мәскеудегі чкйковский атындағыконверватоияны бітірген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық конверваториясындасабақ берген. «КТК» арнасында сценарист, тележүргізуші болған. Осы арнаныбасқарған. Парламент Мәжілісінің депутаты.

Оқи отырыңыздар: Әкесі шенеунік болған шенеуніктер

НұртөреЖүсіпС.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттіки университетінің журналистика факультетінбітірген. Еңбек жолын Павлодар облыстық қазіргі «Сарыарқа самалы» газетініңагроөндірістік бөлімінің тілші болып бастаған. Осы газетте «Көлік және коммуникация»бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. «ЕгеменҚазақстан» газетінің «Экономика» бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордыңэкономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, кейін бас директоры болған. «ЖасАлаш», «Ақжол Қазақстан», «Астана хабары», «Айқын» газеттерінің бас редакторыболған. Қазір Парламент Сенатының депутаты. Президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі ЕржанБайтілестің ағасы.

ДанаНұржігіт те әріптесі Артур Платонов сияқты музыкалық білім алған.Алайда ол салада қызмет етпеген.Тележүргізушілік қызметін 24 жасында «Хабар» арнасындабастаған Дана Нұржігіт осы арнада 17 жыл еңбек еткен. Кейін «Қазақстан»арнасынның «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі ретінде мәлім. ҚазірПарламент Сенатының депутаты.

Оқи отырыңыздар: Биліктегі ақын-жазушылардың балалары


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36