Шенеуніктердің мемлекеттік маңызы бар шараларға мән бермеуі менмендік пе, әлде көкелеріне сенгендік пе?

14.05.2020, 06:54

50


Еркін РАҚЫШЕВ, режиссер:

– Жекелеген шенеуніктердің мемлекеттікдеңгейде тыйым салынған шараларды елемеуі, тіпті карантин кезінде басынуы бұлбилік орындарында қандай адамдар жүргенін айқындай түседі. Лауазымдықызметтегілердің  қара басының қамынкөбірек  ойлауы, үлгі-өнеге көрсетеалмауы өздерінің ізін басқан төмендегі буынның да таза жолдан таюына себепшіболуда. Ұрлық-қарлық, жемқорлыққа бейімделген шенеуніктер көбейіп кетті. Ел үшінентігіп жұмыс істегеннен гөрі жантайып жатып жан баққысы келетіндер басым.

   Әлгікарантин кезінде саунада жүргендердің тірлігі қоғамда қандай жағдай қалыптасыпотырғанының бір көрінісі. Мемлекет маңыз берген мәселеге атүсті қарайтын, тіптіпысқырмайтындардардың қызметтен алынуы өз алдына, оларға өмір бойына сеніпқызмет тапсыруға болмайтындай жағдай жасау керек. Ар-намыстың аяққа тапталып,арзан күлкінің дәріптелуіне жол беруге болмайды. Халық алдындағыжауапкершілікті сезінбеу – қылмыс.

Ләззат  АХАТОВА, заңгер:

– Карантин кезінде саунадажүрген шенеуніктердің тірлігі шын мәнінде заңға қайшы әрекет. Лауазымдытұлғалардың, оның ішінде заң қызметкерлерінің заңды белшесінен басуы – біздіңелде тамыр-таныстық пен жемқорлықтың әбден дамып кеткенінің көрінісі. Мұндайзаңбұзушылық барлық салада жиі кездеседі. Мысалы, Ақтау университеті ректорыныңқазақтың шапанымен шетелде жартылай жалаңаш қыздардың ортасында көңіл көтеріпотырғанын ашық дерек көздерден алып, журналист Тоқтар Жақаш желіде жариялады. «Біліммен тәрбие ордасын осындай азаматтар басқарып отырғаны қалай?» деп, ректордыңбасқа да заңбұзушылықтарын атап көрсетіп, білім және ғылым министріА.Аймағамбетовқа сауал тастады.

Министр әлі күнге үнсіз. АлАхметов журналист пен поста пікір білдірген мені сотқа беріп отыр. Міне,біздегі заңсыздықты, шенеуніктердің жауапсыздығын, мәселеге жоғарыдағылардың даатүсті қарайтындығының көрінісі. Ендеше, біз тәртіп бұзған шенеуніктергааяушылықпен қарамауымыз керек. Тіпті олар  арқа сүйеп отырған мықтыларды да жауапқатартуымыз қажет.

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы:

Соңғы кездерімемлекеттік қызметкерлер тарапынан карантин кезінде жасалып жатқанзаңбұзушылықтар жұртты ойға қалдырды. Жалпы, елімізде 100 мыңға жуықмемлекеттік қызметкер болса, соның арасында тәртіп бұзушылық кездесіп тұрады. Бұләлі де болса еліміздегі кейбір мемлекеттік қызметкердің  бүгінгі күннің талабына бейімделе алмай кележатқанын байқатады.

      Жалпы, мемлекеттік қызметтің  арнайы ережелері, этикасы бар. Соны жұмысбарысында үнемі оқытып, үйретіп жатады. Ал оның өз жемісін бермеуі басшылыққабайланысты. Басшы қызметкерлердің өздерінің заңды сақтамауы  жауапкершіліктің жоқтығын айғақтайды. Карантинкезінде болған оқиғалар жалпы қоғам, халықтың алдында мемлекеттік қызметкертуралы теріс пікір қалыптастырып жатқаны өкінішті. Болашақта мұндай сорақылыққажол бермеудің түрлі тәсілін қолдану керек. Осындай жайсыз жағдайлар өзгелергесабақ болу үшін кінәлі шенеуніктерге қолданылған жазаны жұртқа ашық жеткізукерек.

            Сауалнаманы жүргізген Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш Зарыққанқызы 28.11.2020, 17:05
Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 16:52
Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 28.11.2020, 11:09
Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
Сайт әкімшілігі 28.11.2020, 10:54
Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев
Бифат ЕЛТАЕВА 27.11.2020, 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды
Сайт әкімшілігі 27.11.2020, 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36