07.10.2020, 04:46
630
Бүгін Нұр-Сұлтан әуежайына бортында 521 жолаушысы мен 48 экипаж мүшесі бар Scat, Веlavia және Air Astana әуе компаниясының ұшақтары келіп қонды.
Олар Шарм-эль-шейхтен (чартерлік), Минск, Дубай Және Ыстанбұл қалаларынан ұшқан, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
123 жолаушының коронавирусқа ПТР тесті болмағадықтан, олар ауруханаға жатқызылды. Түркиядан және Беларусьтан келген екі жолаушы депортацияланды. Жолаушыларда жоғары дене қызуы болмаған. ПТР тест тапсырғаннан кейін жолаушылар үйлеріне жіберіледі. Егер тест оң нәтиже көрсеткен жағдайда, инфекциялық ауруханаға жатқызылады.
Еске сала кетейік, жаңа ережелерге сәйкес бірқатар шектеулер қолданылады. Қазақстанға шетелден келген ұшақ жолаушыларының барлығы термометриядан өтіп, сауалнамаға жауап береді және COVID-19-ға қарсы ПТР-тестінің оң нәтижесі туралы анықтаманы ұсынуы тиіс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту кезінде 72 сағаттан аспаған анықтама ғана жарамды. Сондай-ақ Қазақстан азаматтығы жоқ адамдарда анықтама болмаған жағдайда олардың елге кіруіне тыйым салынады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР