19.05.2023, 13:35
1786
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасымен бірлесіп «Халықаралық инвестициялық жобалардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бизнесті қорғау» тақырыбында халықаралық семинар өткізді.
Қазақстан өкілдері елімізде іске асырылып жатқан инвестициялық саясатты қатысушыларға егжей-тегжейлі жеткізіп, республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі, бизнесті дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып беріп, «Астана» Халықаралық қар
Өз кезегінде Антикор семинар қатысушыларына «Бизнеске жол» кәсіпкерлерді қорғау жобасын таныстырды.
Оның шеңберінде кәсіпкерлерге нақты мәселелерді шешуде практикалық көмек көрсетілетінін, ал талдау арқылы жүйелік проблемалар жойылатынын атап өтті.
Мысалы, жер комиссияларының отырыстарында жерді ұзарту мәселесін қарау практикасы тоқтатылды, мемлекеттік органдар өкілдері тарапынан бизнестің негізсіз тексерулері жойылды, кәсіпкерлердің тергеу іс-әрекеттерін жүргізу жөніндегі іс-шараларға негізсіз шақырулардың жолын кесті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерге көмек көрсетудің әзірленген тетіктері негізінде шетелдік инвесторларға да көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Семинар барысында Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Босния және Герцеговина, Түркия сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының кездесулері өтті.
Сондай-ақ, қатысушылар жинақталған тәжірибе мен біліммен алмасуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық әріптестік желісін нығайтуға, №16 Орнықты даму мақсатына сәйкес «Орнықты даму мүддесінде бейбіт және инклюзивті қоғамға жәрдемдесуге, барлығына сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін, инклюзивті институттар құруға мүмкіндік алды».
Мұндай маңызды іс – шара Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру жоспарланып отырған Алматы қаласындағы БҰҰ — UN PLAZA өкілдігі ғимаратының қабырғасында өткізілді.
Сонымен қатар, екі күндік семинар аясында қатысушылар халықаралық инвестициялық жобалардағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзекті мәселелерді талқылап, сондай-ақ ұлттық тәжірибелер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды таныстырды.
Семинар соңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тәуелсіз Агенттігі арасында өзара тәжірибе алмасуға, бірлескен іс-қимылға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Іс-шараға халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Австрия, Әзірбайжан, Албания, Армения, Беларусь, Босния және Герцеговина, Грузия, Моңғолия, Иран, Қытай, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Черногория сияқты елдердің өкілдері қатысты.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР