Шетелдік қазақ: Қазақстанда бәрінің аузын байлап тастаған

02.07.2019, 20:57

91

Тоқсаныншы жылдардан бері Финляндияда тұратын 65жастағы Әйкен САЛОНЕН Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы өткен 9 маусымкүні Алматыдағы наразылық жиынына қатысыпты. Ол Қазақстанға 31 мамырдағыашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін келген. «Азаттық радиосына» берген сұхбатында ӘйкенСалонен Қазақстандағы наразылық жиынында көргендерін айтып беріпті.

Сайлау күніқызығушылық жетелеп, Талғардан (туған жері) Алматыға келген Салонен Қазақстанполициясының наразылық білдірушілерді қалай ұстап, қалай көлікке басып әкетіпжатқанын көргенде жаман әсерде болғанын айтады.

— Көз алдымда қарт кісілер мен әйел адамдарды малсияқты аяқ-қолынан ұстап сүйреп әкетіп жатты. «Оны не үшін алып баражатырсыз? Неге алып кеттіңіз?» деген сұрақтарға ешкім жауап бермеді. Бұлбіз секілді Еуропада, демократиясы дамыған елдерде тұратындар үшін өте жаманәсер етті, — дейді ол.

Салоненді таңғалдырғантағы бір жағдай – наразылық шеруі кезінде жай киім киген бір адамдардыңполицияға өктем сөйлеп, адамдарды ұстауға бұйрық беріп жүрген. Оның айтуынша, мұндайнаразылық жиындарының өзі тұрып жатқан Финляндияда да өтеді, бірақ, мүлдебасқаша сипатта. Ол жақта наразыларды мал сияқты көгендеп, көлікке тиемейді.

Салоненге осыжағдайдан екі сағат өтер-өтпесе Еуропадағы күйеуі қоңырау шалып, алаңдаушылықбілдірген.

«Сол кездің өзінде-ақ Қазақстандағы жағдай бүкіләлемге тарап жатты. Дамыған 30 елдің қатарында боламыз деп жүрген Қазақстанүшін масқара жағдай болды. Шындығында демократиясы жолға қойылған кез-келгенелде тұрғындар жиналып пікірін айтуға хақылы. Бірақ Қазақстанда бәрінің ауызын байлап тастаған, — дейді Әйкен ханым.

Салонен, соныменқатар, Қазақстан астанасының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерткенін естігендешетелдегі әріптестерінің кейбірі таңырқап, кейбірінің күлкіге айналдырғанынайтады.

Еске сала кетсек,9 маусым күні Алматы мен Астанада наразылық жиындары өтіп, 4000-ға жуық адамұсталған.

Фото: youtube.com

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:25
Коронавирус жұқтырған 569 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 09:14
Оқығанмен жағдай жасалмайды. Ауыл шаруашылығы мамандығын игергендер жұмыссыз қалып жатыр
Сайт әкімшілігі 08:58
Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус анықталды
Жандай ӨЗДЕНБАЕВ 09.04.2021, 09:20
Қазақтың қанындағы білім мен ғылымға өшпенділік
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 17:25
Жыл басынан бері Nur Otan-ға 43 мыңнан астам өтініш түсті
Еркежан АРЫН 07.04.2021, 16:15
Әскери білім - халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды басымдық

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19