Шетелдіктер Шәмші әндерін орындады

Сайт әкімшілігі

07.09.2020, 07:44

359

Шымкентте «Мәдени астана» шарасы аясында өткен халық аспаптарында орындаушылар арасындағы өнер сайысы ТМД елдерінің өзара мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Оған Санкт-Петербург қаласынан «Донцы» және «Серебрянные струны» орыс халық аспаптық оркестрлері, Монғолия Республикасынан «Алтай Кай» ансамблі, Өзбекстаннан «Аббос» тобы және Равшан Юнусов, Молдова Республикасынан «Пан академик» ансамблі, Қазақстаннан әлемге танымал «Ұлытау» тобы, сондай-ақ «SARMAD», «Қаратау қазынасы», «Адырна», «Арқа әуендері», «Алатау», «Аманат», «Алтай» сынды халықтық этно-фольклорлық ансамбльдер қатысты. Кәсіби өнерпаздармен қатар әуесқой орындаушылар да өз бағын сынап, көрермен қауымға ұлттық аспаптың өзіндік ерекше дыбысы мен бояуын шебер жеткізе білді.

Вашингтон қаласынан Nika Davidhizar, Санк-Петербург қаласынан Ольга Блохина, Қырғызстаннан Жийдеш Мұратқызы, Ресейдің Кабардино-Балкар Республикасынан Халимат Гергокаева мен Алтайдан «Чуя» тобы Шәмші әуендерін нақышына келтіре орындап, тыңдарманның ыстық ықыласы мен қолдауына ие болды. Ал, отандық өнерпаздардан Нұр-Сұлтан қаласынан Асылхан Шалқаров, Оралхан Алтынбеков сынды танымал әншілер, Қызылорда облысынан «Экспресс» ансамблі, Шымкент қаласынан «Асыл әжелер» тобы қатысты.

Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушыларға қала әкімінің арнайы дипломы табысталады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30