Шетке шығып шырылдап қалды

26.03.2020, 12:51

5

Сыртқыістер министрлігі  Гүржістан, Мысыр,Біріккен Араб Әмірліктері, Жапонияға саяхаттауға кеткен 5000отандасымыздың  1000-ға жуығын соңғыкүндері елге қайтарды. 1 сәуірге дейін Ресейден тағы да 500 туристі елге әкелмек. Бірақ неге екені белгісіз, еліміздіңсыртқы істер министрлігі мен білім және ғылым министрлігі шетелде оқып жатқанстуденттеріміздің жағдайына мүлдем бас қатырмайды. Өткен аптада Испанияда оқыпжүрген екі студентіміз әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді. Instagram желісіне бүркеншікатпен пост жазған бойжеткен өздерінің Сьюдад-Реал қаласына Әл-Фараби атындағыуниверситеттен академиялық мобильділік бойынша білім алуға жіберілгенін айтады.Оқу маусым айында аяқталуы тиіс. Бірақ аяқастынан басталған пандемия көптегенқиындықтарға тап қылған. Еліміздің сыртқы істер министрі мен білім және ғылымминистріне арнаған хатта: «Біз мұндабуллингке, нәсілшілдікке тап болдық. Бізге дүкендерде «Сендер азиатсыңдар!Коронавирус!» деп айқайлап, нан да сатпайды. Ересектер бізге жұмыртқа лақтырып,балалар бөксесін көрсетеді. Біздің психикамыз шыдай алар емес. Қазір біз далағашықпақ түгіл, ұйықтауға қорқатын болдық. Коронавирус тарай бастағаннан бізөзіміздің координаторымызға Қазақстанға қайтаратындай болса, хабарласуынсұрағанбыз. Бірақ олар үнсіз жатыр. Испания үкіметі карантиннің әлі де екі айғасозылатынын хабарлады. Пәтеріміздің қожайыны пәтерақыны алу үшін карантинненшыға алмайтынын, айдың соңына дейін қала тұруымызды сұрайды. Ал қаладаазиаттарды тіпті көргісі келмейді. Біз соңғы уақытқа дейін мәселеніушықтырмауға тырыстық. Бірақ өзіміздің өміріміз үшін қорқамыз», – депжазған.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіИспаниядағы студенттеріміз бен азаматтарымызға 2 наурызда кері қайтуға ұсынысжасағанын, бірақ екі студенттің қалып қойғанын айтады. Әлеуметтік желі осылайдүрлігіп жатса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әкімшілігі екістудентке Мадрид–Мәскеу–Алматы бағыты бойынша ұшаққа билет сатып әперді.Сөйтіп, екі студент әлеуметтік желідегі әлгі посты алып тастап, аман-есен елгеоралды. Күні кеше Instagramжелісінде қолдау білдіріп, көмек көрсеткен азаматтарға алғыс айтып тағы бірпост жариялады. Айтуларынша, бірінші посты университет әкімшілігінің өтінішібойынша алып тастапты. Үйге аман-есен жеткесін екі студенттің билетіне жұмсағануниверситеттің шығынын өтегенін айтып, оны растайтын қағазды да жариялаған.

Осыған ұқсас жағдай Польшадағы қазақстуденттерінің де басынан өтті.  Айтуларынша, Шымкент қаласындағы ОҚМПУ-дыңекінші курсында оқып жүрген жеті баланы ақпан айының басында халықаралық Global UGRAD бағдарламасы бойынша алты ай оқуға ПольшаныңЛодзь қаласына жіберген. Алғашқы екі-үш апта тәп-тәуір басталған. Айдың соңындақазақстандық студенттер тұратын жатақханада Түркиядан келген студент аяқастынаннауқастанады. Сол-ақ екен, дүрлігу басталады. Оқу орны мен дәрігерлербастапқыда коронавирустан күдіктеніпті. Бірақ анализ қорытындысы бойынша,түркиялық жігітке тұмау тиген. Содан бастап оқу бірден тоқтатылып, карантинжарияланады. Шетелдік студенттерді жатақханадан шығармайды. Онлайн оқыту жүйесіжоспарланбаған. Шымкенттік студенттер әу баста Польшаға өздерінің қаржысымен,«Белавиа» компаниясының ұшағымен Алматы–Минск–Варшава бағытымен келіпті.Мемлекеттің ай сайын төлейтін шәкіртақысы 25 мың теңге екен. Экономикалықрецессияның кесірінен поляк валютасы қымбаттап, теңгенің құны құлдырай түскен. Соныңсалдарынан  азық-түліктен әбден қысылған.Тіпті жеті студент бірте-бірте ашыға бастаған. Көрші жатақханаларда бұрыннансонда оқитын қазақ студенттеріне барып ас ішейін десе, бұлар тұратын жатақханаесіктен шығармайды. Ана жатақхана да сырттан келетін адамдарды кіргізбейді. Елдегітуыстарымен немесе сыртқы істер министрлігімен хабарласайын десе, интернеткетөлейтін қаржысы жоқ. Қатты қиналады. Қалааралық телефон арқылы үйтіп-бүйтіпжүріп Польшадағы Қазақстан елшілігіне телефон соғады. Бірақ ондағылар қаржылайнемесе материалдық көмек көрсете алмайды. Бар ұсынғаны – 24 наурыздаҚазақстаннан «Скат» әуекомпаниясының ұшағы келетінін, әр адам 152 мың теңгегеөз қалтасынан билет сатып алып, дайын отыруды міндеттейді. Бұл шығынға 140шақырым жердегі Лодзь қаласынан Варшаваға келетін қаржыны да қосыңыз.Елшіліктің барлық әңгімесі осымен тәмам болады.

 Қалайекені белгісіз, әлгі жеті бала ата-анасымен хабарласып, билетті сатып алыпты.Бірақ студенттерімізді «Скаттың» ұшағы Шымкентке емес, Қарағанды қаласынаапаратын көрінеді. Ал Қарағандыда шетелден келген жолаушыларды 14 күндіккарантин тағы күтіп тұр.

Осындайда үкіметтің биылғы 2 ақпанда Қытайдыңжабық тұрған Ухан қаласынан студенттер мен азаматтарымызды эвакуация жасағанерлігі еске түседі. Естеріңізде болса, ол кезде 83 азаматымызды кері қайтарғанеді. Оның 80-і студент болатын.  «Төтеншежағдайлар бойынша» заң талаптарына сәйкес, шетелде қауіпті аймақта қалғаназаматтарды мемлекет өз қаржысы есебінен эвакуация жасауы тиіс. Қытайдағыстуденттер бойынша заң талаптары толық орындалды. Ал Еуропада қауіпті кеселортасында қалған студенттерге келгенде бұл заңның күші жүзеге аспай қалды.«Неге?» деген сұрақ туады. Бәлкім, Қытайда оқып жатқан студенттердің басымбөлігі мемлекеттік қызметтегі дөкей шенеуніктердің баласы болғасын шығар? Әзіршебұл сұрақтың басы ашық. Оған сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мырза немесебілім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  жауап береді деп ойлаймыз.  

 Соңғы жаңалық: коронавирус пандемиясыныңөрши түсуіне байланысты енді шетелге академиялық мобильділік бойынша білімалуға бару уақытша тоқтатылды. Сонымен қоса, шетелден студенттер меноқытушыларды қабылдауға да шектеу қойылды. Бұл туралы білім және ғылымминистрлігі хабарлады.

Тоқтар ЖАҚАШ




Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16