01.06.2019, 10:30
390
ШығысҚазақстан облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы ауданорталығына барған жас маман жұмыс істемей-ақ жалақы алып жүр. Бородулиха ауданындағы мемлекеттік колледжқызметкерінің бұлай жүргеніне үш жылдай уақыт болыпты. Мұғалімнің өзі бұғанмектеп директорының міндетін атқарушысын кінәлайды. Ал басшы болса бергенжұмысты істемейді дейді.
Осылайша,ит пен мысықтың күйін кешкен ұстаздар арасындағы айғай өршіп, тіпті іс сотқадейін жеткен. Өткен жылы колледж әкімшілігі жұмыстан шығасыз деп ескертуқағазын бергенде, жас маман амалсыз сот төрелігіне жүгіндім деп отыр.
— Мен Семейқаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетті тәмәмдап, осы Бородулихаколледжіне 2015 жылы келіп жұмысқа орналастым. Мемлекетіміздің жастарға жасапжатқан жақсылығы «Дипломмен ауылға» бағдарламасының игілігін көрейіндеген мақсатым болды. Жұмыс істегім келді. Бірақ бұл арманым өкінішке қарайіске аспады. 2016 жылы қазіргі басшымыз Марат ӘБІЛОВ мырза келгелі көрген күнімкүн болмады. Бір күні дипломың сәйкес келмейді деп, жұмыстан шығаратынынескертті. Одан кейін үш айдан соң жұмыстан шығарып жіберді. Егер білімім бұлжұмысқа жарамаса мені бұған дейінгі басшы неге алды. Көңілімде күдік көп болғансоң, алты айдан кейін сотқа жүгініп, соттың шешімімен жұмысыма қайтадан тұрдым.Енді істеп жатқаныма 3-4 ай уақыт болды. Маған моральдық қысым көрсетуде.Алдына қайткен күнде жұмыстан шығаруды мақсат етіп қойған адам секілді, – дейді, кәсіптік білім беруөндірісінің шебері Дамир ӨМІРХАНОВ.
Дамиржас маман ретінде жұмысқа алғаш келген кезде мемлекеттен көмек те алғанынайтты. Бір жолғы көтерме жәрдемақы ретінде 140 мың теңге берілген. Баспана алуыүшін 0,001 пайызбен 3 миллионнан астам теңге де төленген екен. Қазір солнесиеге алған үйінде жолдасы және екі баласымен бірге тұрып жатыр. Тек жұмысмәселесінде туған қиындықтан қатты шаршағанына қынжылады.
Алколледж директорының міндетін атқарушы болса, бірінші кезекте бұрынғы директоркінәлі дейді. Мамандығы сәйкеспейтін маманды жұмысқа алғанын айтып, ақталып әлек.Екінші, Дамир Өмірханов өзі жұмыс істемей қойды деген Марат Әбілов:
— Біздіңмұғалімдердің барлығы жыл сайын облыстық білім басқармасынан аттестацияданөтеді. ДАМИР Өмірханов болса, сол сынақтан 2016 жылдан бері өтпеді. Өйткеніқұжаты сәйкес келмейді. Бұрын қалай жұмысқа қабылданғанын білмеймін.Басқармадан біздің мекемеге мамандығы сәйкес келмейді деген қағаз келген соң,алдыменен ескертіп, содан кейін жұмыстан шығардым. Бірақ қателік жібергенекенбіз. Өйткені арнайы заңгеріміз жоқ. Заңды дұрыс білмегендіктен, соттажеңіліп қалдық. Біз оны алдыменен тарификациядан өткізіп алуымыз керек екен.Одан өтпегені туралы қағаз алу керек еді. Одан кейін аттестация өткізіп, оданкейін барып қана шығару керек болған екен. Біздің жұмысымыз керісінше болды.Сол құжаттардың жоқтығынан судья жұмысқа қайта қабылдансын деп, шешім шығарыпберді. Сол шешім бойынша жұмысқа қабылданған. Бірақ жұмыс істемейді. Күндетаңертең келеді. Кешке кетеді. Бірақ ақша алып отыр.
Білімордасының басшысы енді тек келесі оқу жылының басталғанын күтіп отыр. Жас мамансол уақыттағы аттестациядан өтсе жұмысын әрі қарай жалғастырады. Оған жеке топта бермек екен. Алайда, қызметте қалған жағдайда жарамсыз дипломның мәселесіқалай болатынын тағы белгісіз. Ал аттестациядан өтпесе, «жұмыс орнымен хошайтысады», деп, колледж басшысы кесіп айтты. Бір қызығы олай болған жағдайда мемлекеттентөленген қыруар қаржының жайы қалай болатынын, облыстық білім басқармасы менаудан әкімшілігі бір-біріне сілтеп, жарытымды жауап бермеді.
Қазынадан берілгенқаражат
Жалпы,осы Бородулиха ауданында 2017 жылдан бері «Дипломмен ауылға»бағдарламасымен келген жас мамандарға мемлекет қазынасынан 201 979 000теңге төленіпті.
Мәселен,2017 жылы келген 21 адам бір жолғы көтерме жәрдемақы ретінде 4 миллион 130 мыңтеңге алған. 25 адам 74 миллион 520 мың теңгені үй алу үшін алған. Ал 2018жылы, 59 маманға 9 миллион 932 000 теңге бір жолғы көтерме жәрдемақыретінде беріліп, 17 адамға пәтер алу үшін 0,001 пайызбен 57 миллион 720 000теңге берілген. Бұл пайыздық көрсеткіш бағдарлама арқылы келгендердің бәрінебірдей. 2019 жылы 15 маман 2 миллион 652 000 теңгені жаңағыдайжәрдемақы ретінде алып, он бесі де баспана алу үшін жеңілдетілген несие алған.Оған мемлекет қазынасынан 53 млн 025 000 теңге жұмсалыпты.
Қысым көрсетуқаншалықты рас?
Студенттергесабақ оқытудың орнына осылайша соттасумен жүрген жас маманның айтқан моральдыққысымы жайлы да жаза кетейік. Дамир Өмірхановтың білім ордасы басшылығының «артымамай шам алып түсті» деген сөзі қаншалықты рас екенін білмекке әркімдісөзге тарттық.
Директордың тәрбиеісі жөніндегі орынбасары Людмила СКВОРЦОВА:
— Марат Әбіловтің тарапынанпедагогтарға деген сенімсіздік өте басым. Колледжде моральдық тұрғыда жұмысістеу өте қиын. Пихологиялық қысым көреміз. Ұстаздардың өзі осындай жағдайдажүргенде оқушыларымызға қандай тәрбие, қандай білім беріледі?!, — дейді.
Орынбасарыныңөзі колледжде қысым көрсетіліп, түрлі жолдармен түртпектеу айласы іске асыпжатқандығын жасырмады. Осылай деген әріптесінің сөзін директордың екінші бірорынбасары түгелдей жоққа шығарды. Сөзін тыңдасақ жабылған жала, жағылған күйеекен.
Директордың оқу ісіжөніндегі орынбасары Ыстыбала ӘБДІКӘРІМОВА:
— Біз неге бірадамның ғана пікірмен санасуымыз керек. Осы жерде қаншама адам еңбек етіп жүр.Олар неге шағымданбайды. Бәрі жалған. Ұжымды бұлай дүрліктірмесін!
Бірадамның пікірі дегені, ашық айтқан жаңағы жас маман ғана болып отыр. Ал өзгежұмысшылардың арасында қорыққандарынан сыбырлап қана естіртіп: «колледжде толықтайтексеру жүргізілсе екен», – деген өтініштерін айтқандар да табылды. Айтакетейік, бұл білім ошағында 18 ұстаз 110 студентке білім береді.
Фотолар автордікі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР