ШҚО-да сасық көлден ауру тарап жатыр

03.06.2019, 23:09

4

ШығысҚазақстан облысындағы Бородулиха ауылының халқы жаз айы келсе болды, тұншығамыздейді. Елдімекеннің іргесінде орналасқан Большое атты көл күн ысыса болдысасып, ауаны бұзады екен. Тұншыққан тұрғындардың кейбірі сасық көлдің суыныңкесірінен, тіпті, тістері түгелге жуық түсіп қалғандарын айтып шағымданып отыр.

Көлжағасындағы халық қолқаларын қапқан күлімсі иістен көптен бері азап тартып отырмыздейді. Әсіресе, күн қатты ысыған уақыт пен жаңбыр жауардың алдында сасық иісауаға жайылып, бүкіл ауылды алып кетеді екен. Дәл осы кезде демалулары қиындаптұншыққандары былай тұрсын, күкіртті сутектен асқазандары бұзылып, ауырып та қалатындарынайтты.

— Әрине халыққиналып отыр. Сасық иіс ауылды түгелдей жайлап кетеді. Иіс шыққан кезде есік-тереземіздіқымтап әлек боламыз. Осы жағымсыз иістен асқазанымыз бұзылып ауыратын кездер деболады. Бір жылдары осы сумен беті-қолымызды жуып жүрдік. Содан болыптісіміздің бәрі түсіп қалды. Ол кезде орталықтандырылған су жүйесі тартылмағанболатын. Амалсыз көл суын пайдаландық. Көлдің түбін тазартпай бұл иіс кетпейдіекен. Ауыл халқы болып, ақша жинаған кез де болды. Бірақ соңы не болғанынанбейхабармын. Көл жағасының табиғаты тамаша. Тек иісті кетірсе болғаны. Бұл жержанға жайлы жер ғой шіркін,дейді,ауыл тұрғыныАллаТАЙЛАКОВА.

Көлжағасында тұрып жатқанына он жылдай уақыт болған Дүйсенғали ШАЙБАТОВ та:

— Әсіресе, күнысыған кезде ауа қатты бұзылады. Кешкілік және таңертеңгілік уақытта иіс тарапкететіні рас. Қолымыздан келетін ештеңе жоқ. Амалсыздың күйін кешкеннен басқаамалымыз жоқ,деді.

Бұданбіраз жыл бұрын көлдің бір жағасында құс фермасы болған. Ал екінші жағасындаұжымдық шаруашылық қоныс тепкен екен. Міне осы екі бірдей ауылшаруашылықнысанынан ағып шыққан арам сулар қалдықтарды қоса ағызып, көлге келіп құйған.Зиянды қалдықтар су түбіне шөгіп, сасық иіс содан пайда болған екен.

АлБородулиха ауданының атқамінерлері болса, соңғы екі жылда ешбір иісті сезбедікдеген уәж айтады. Еріген қар суының көлге қосылуының арқасында көл қайтатазарып келеді деді. Бірақ мәселенің бар екенін айтып, оны шеше қоятындайжоспарларының да жоқ екенін жасырмады.

— 2002 жылдарыӨскемендегі жоғарғы оқу орындарының бірі арнайы тапсырыспен көлді қалай қалпынакелтіруі туралы жұмыс жасады. Олардың берген мәліметі бойынша, көлдің түбінтүгелдей тазартып шықу қажет. Оған бір миллиард теңгеден астам қаражат қажетболды. Ол кезде облыстық қазынада ондай мүмкіндік болмады. Соныменен қалыпқойды. Көлді қалпына келтіру бойынша қолымызда қазір ешқандай жоба жоқ. Алдағыуақытта шағын және орта көлдерді қалпына келтіру бағдарламасына сәйкес, жобалықсметалық құжат әзірлейміз. Бұл мәселені алдағы 5-6 жылда шешеміз. Көктемгітасқын кезіндегі еріген қар сулары арқылы көл өз бетінше тазарып та келе жатыр.Сондықтан әзірше, оған құятын өзендерді тазалап, жолын ашу жұмыстарын жүргізебереміз,дейді,Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Болат АРҒЫМБАЕВ.

Сасықиістен құтылу үшін ұзындығы 12, ені 2 шақырымға дейін созылып жатқан көлдіңтүбін түгелдей тазалап шығу қажет екен. Содан кейін жергілікті билік өкілдері,су жағасындағы сұлу табиғатты пайдаланып, тіпті туризмді дамытпақ ниетте екен.Айтпақшы, жергілікті халықтың айтуынша қазір суы сасып, жұрт жиіркенген көлдіңбалшығы дертке дауа, жанға шипа көрінеді. Ертеректе ауыл қарттары балшығыналып, аяқ-қолдарына үнемі жағып жүріпті.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:59
Тендер "ұтып бергіш" алаяқ ұсталды
Сайт әкімшілігі 15:07
Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13