ШҚО тұрғындары ауыл әкімін сайлау әділетсіз өтті деп шағымдануда

Сайт әкімшілігі

15.08.2022, 15:11

2319

Тамыз айының 14-і күні Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының екі елді мекенінде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. Дайыр ауылында бірқалыпты болса, ал Біржан ауылының тұрғындары шуылдасып, жағаларын ұстаған. Олардың айтуларынша, өздері қолдаған адамның кандидаттығы тізімнен алынып, оның орнына әкімдік өкілдері жіберілген. Тұрғындардың назын Stan.kz тілшісі тыңдады. 

Аудан әкімдігінің ресми сайтында үміткерлер есімі толық жарияланған. Бес үміткер әкімдікте істейді. Бірі зейнеткер, бірі ветеринариялық пункт меңгерушісі болса, тағы бірі шаруа қожалығының иесі. Тамыз айының 3-і күні барлығы тіркеуден өткен. Дегенмен тамыз айының 11-і күні біржандықтардың басым көбі қолдаған Дидар Ошақбаевтың кандидаттығы алынып тасталғаны белгілі болды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың шамына тиген көрінеді. Округ басқару құқығынан айырылған азаматты қолдап, шешімнің әділетсіз екендігін айтқан ауылдықтар аз емес. Олар бұл тоқтамның әділетсіз екенін, шенді-шекпенділер шеттетіп тастаса да, округ тіршілігін жандандыруға үлес қосады деп осы Ошақбаевты құп көріп отыр.

“Осындай келеңсіздер тіркеліп жатыр. Ауылымыз 1990 жылғы зілзалада көз жұмған сәби Біржанның есімімен аталады. Құжаттардың дұрыс-бұрыстығы оң шешілсе екен. Олар заңды түрде кандидат болып тіркелген Дидар Бақытбекұлының кандидатурасын дәл бір күн қалғанда еш себепсіз, түсіндірусіз алып тастады. Айтуларынша, дипломы жалған-мыс. Мұндай сорақылықты кім көрген? Бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатына қайшы келіп тұрған жоқ па?” – дейді тұрғындар.

Аудандық сайлау комиссиясындағылар тұрғындармен жолығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Көпшілік өздеріне көрсетілген арнайы құжаттардың тек көшірмелері ұсынылғандығына наразы. Яғни, Заң тұрғысынан сайлауға құқығы жоқ деп танылса, түпнұсқасын көрсетуге неге қуыстанады десті. Дәрмені қалмаған біржандықтар бұл іске Президенттің араласуын сұрауда. Әкімдік өкілдері арасында сыбайластықтың барынан қауіптенеді.

Қоғам белсенділері де бұл мәселеге бейжай қарамады. Журналист әрі қоғам қайраткері Ермұрат Бапи сайлау болған ауылдардағы комиссияны толық тотальдық бақылауға алып, жергілікті биліктің кандидатын алып тастау керектігін айтты. 

“Мұндай сайлауды өткізбей-ақ қою керек. Әкімшілікті жаңа сайлау тағайындауға мәжбүрлеу қажет. Бұлай еткізу тұрғындар қолынан келеді. Өз халқымен, оның ерік-жігерімен санаспаған билікті осылай жазалаудан басқа амал көріп тұрған жоқпын”, – дейді ол.

Көпшілік сенім артып, «серке» тұтқан Дидар Бақытбекұлы сайлауға дейін талай кедергіге тап болғанын айтты. Үстінен арыз түсіп, түрлі тексеру де жүргізілген. Дегенмен жазылған арыздың көшірмесімен де, өзімен де таныса алмапты. Соған қарамастан Зайсан орталық сайлау комиссиясы үміткерлігін қабылдайды. Бастапқыда бәрі заңды саналды. Тек сайлауға екі күн қалғанда «дипломың дұрыс емес» деген.

“Бұл жерде де шикілік бары анық. Мемлекеттік қызметке ұсынылған кандидаттың құжаттары толық тексерістен өтіп барып, ҰҚК рұқсатымен тіркелмей ме? Зайсан сайлау комиссиясы "ҰҚК-ның" өзін пысқырмаған ба? Жақсы, дипломым сатып алынған болса, оны апарып тіркейтін ақымақпын ба сонда? Ал менің дипломымды жалған тануға әлі толық негіз жоқ”, – дейді округ басшысы болуға үміткер азамат.

Тұрғындардың дауы бойынша Зайсан ауданының әкімдік өкілдері пікір білдірді. Ведомство ауылдық округ әкіміне үміткер кандидаттыққа тіркелуге қажетті құжаттар  аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тапсырған соң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-бабы 4-тармағына сәйкес сайлау комиссиясы құжат түскен сәттен бастап еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік органдарына жіберілетінін сөз етті.

“Осы Заңның 113-5 бабы 11 тармағында көрсетілген негіздер бойынша, соның ішінде 9 тармақшасына сәйкес сайлау комиссиясы арнаулы тексеріс теріс нәтиже шығара кандидатты тіркеу жайлы шешімнің күшін жояды. Біржан ауылдық округі әкіміне төрт үміткер тіркеліп, құжаттары тексеруге жіберілді. Өкінішке қарай, тамыз айының 11-і күні ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша Департаментінен келген қорытындыға сәйкес үміткер Дидар Ошақбаевтың мемлекеттік қызметке кіруге сәйкес еместігі, яғни жоғарғы оқу орнын бітіргені анықталмады, – делінген Зайсан ауданы әкімдігі ұсынған мәліметте.

Осы фактіге қатысты материалдар ҚР ҰҚК ШҚО Департаментімен ҚР қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 186-бабына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау мақсатында тергеу реті бойынша ШҚО Полиция департаментіне жолданды.

Айта кетсек, ұзын-ырғасы сайлауда 981 адам дауыс беріпті. Сонымен Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шығарған қорытынды бойынша, Біржан ауылдық округінің әкімі болып 188 дауыс жинаған Мереке Мырамытов сайланды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 14:38
Қазақ балалары – Венада
А.ЖАБАЙ 23.09.2022, 08:37
Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
Жадыра МҮСІЛІМ 22.09.2022, 17:25
Скринг саулықтың кепілі ме?
Сайт әкімшілігі 22.09.2022, 16:14
"Орташа тариф 250 теңге болады" - Алматы әкімдігі автобустарда жол жүру ақысы туралы айтты
Нұрлан ТОБАҚАБЫЛОВ 21.09.2022, 08:48
Министр мұғалімдерге «мат» қойды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2022, 14:47
Жебе ұшындағы бөгет кімнің мүддесін көздейді?

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41