20.02.2020, 09:53
149
Зайсан қаласында наразы халық облыс әкімі ДаниалАхметовпен кездесті. 19 ақпанда Сарытерек және Айнабұлақ ауылдарының тұрғындарыМайқапшағай шекара бекеті арқылы Қытайдан бері қарай өткен жолаушыларды осыелдімекендерге әкеліп, карантинге жатқызуға қарсылық білдірген.
Кездесу барысындатұрғындар шекара бекетін жабуды, жолаушыларды карантинге жатқызбауды талапетті. Даниал Ахметовтың сөзінше, қазір бірде-бір адам карантинге жатқызылмаған.Ол мәселені шешу үшін үш күн уақыт сұрап, ақпанның 24-і күні Зайсанға келіп,тұрғындармен кездесетінін мәлімдеді.
Бұған дейін,әлеуметтік желілерде Зайсан тұрғындарының Қытайдан келген жолаушылардыкарантинге жатқызуға қарсылық білдіріп, жергілікті амбулаториядағы кереуеттердідалаға шығарып тастаған. Олар бұндай қадамға шекара бекетінен өткен жолаушылардың Зайсандағы оқуорындарының біріне әкелінетіні туралы хабар тарағаннан кейін барған.
Фото ашық ақпарат көздерінен.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР