Шығыста сотталғандар бизнеспен айналыса бастады

07.01.2019, 02:30

6

Аты естілсе ел үрке қарайтын сотталғандардың бұдан арғы жағдайының бұлыңғыр болып жалғаспауы үшін ШҚО прокуратурасы пробация саласы бойынша ведомствоаралық отырысын өткізген болатын. Жиын барысында өткен жылдың үлесінде атқарылған жұмыстар жайы сарапталған. «Отырыста есептегі тұлғалармен жұмыс барысында туындайтын барлық проблемалық мәселелерді дәйектеумен айналысатын ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданған болатын.Облыстың пробация қызметінің есебіндегі тұлғалардың саны жылдан жылға ұлғайып, соңғы екі жыл ішінде олардың саны екі есе  өскенін атап өту қажет. Мысалы, 2016 жылы есепте 3 813 сотталған тұрса, 2018 жылы 6 мыңнан астам тұлға есепке алынған. Олардың барлығына заң, әлеуметтік, медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп, құқық орнату құжаттарын алуына, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды, білім алуына нақты жәрдем берілді», деп хабарлайды ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.Облыстық прокуратура дерегіне сүйенсек, жергілікті атқарушы органдар сотталғандарды жұмысқа орналастыруға жол аша бастапты. 2018 жылы 103 адам бөлінген квотаға сәйкес кәсіпорындарға жұмысқа тұрған екен. Одан өзге 72 тұлғаға «Еңбек-Өскемен» РМК кәсіпорындарынан нәпақа табу бұйырыпты.«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының көмегімен 20 сотталған «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алып, тиісті сертификаттар алып, өз кәсбін дөңгелететін сенімге ие болғаны да қуантады. Атап айтқанда, Риддер қаласы және Ұлан ауданында 3 сотталғанның әрқайсы 200 мың теңге көлемінде тегін грантқа ие болып, өздерінің жеке кәсіптерін жалғастыруға кірісіп те кеткен. Соның нәтижесінде пробация қызметі есебіндегілердің арасында қайталама қылмыс жасауының төмендеуіне қол жеткізілді. 2017 жылы 195-тен,  2018 жылы 184-ке дейін азайған.Облыс прокуроры ШҚО еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының оңды жұмысын атап өті. Басқарма осы жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бюджеттен пробация қызметінің есебіндегі тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үшін мемлекеттік емес ұйымдарға 21 млн. теңге бөлген» деп хабарлайды ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі. Жыл қорытындысы бойынша құқық бұзушылық жасағаны және тәртіп бұзғаны үшін бас бостандығынан айырудан 331 сотталушы қайтарылғанын да атап өткен жөн.Фото: адвокат-ромашов.рф
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04