Шығыстағы полиция шырт ұйқыда (видео)

25.01.2019, 21:10

38

ШҚО сақшылары шырт ұйқыда жатыр. Өскемендегі жол патрульдік полиция қызметкерлері қаланың қақ ортасында қатты ұйқыға кетіпті. Қызметтік көліктерін көлденең қойып қойып тұрып, қорылға басқан погондыларды Руслан Тілепов есімді қала тұрғыны ұялы телефонының камерасына түсіріп алған.Оқиға бүгін таңертең шамамен сағат 6-дан 46 минут кеткенде болыпты. Бейнекадрлардан байқалғаны тәртіп сақшыларының бұл қылығын көріп, жаны ауырған азамат «Анттарыңа адал болсаңдаршы!» – деп тұр. Бірақ бұған ұйқыларын аша алмағандықтан ба, әлде әдеттегі үйреншікті әдеттері ме белгісіз, полиция қызметкерлерінің көп қысылғаны байқалмайды. Керісінше, «бұдан не пайда? – деген, секілді қарсы сұрақтар қойған. Өшіріп тастауын сұрап, жалынған дауыстары да естіледі.[caption id=«attachment_23663» align=«alignnone» width=«496»]Кадрдан үзінді[/caption]Осылайша, Мызы көшесіндегі мызғып кеткен экипаж «Боран 27» қызметтік көлігін қонақ үйге айналдырған. Автомашинаның мемлекеттік номері 16-өңірге тиесілі 476 КР. Көлікті айналдыра түсіріп алған бейнежазба авторы: «Ұйықтамасаңыздаршы, жігіттер! Қызметте жүрсіздер ғой. Табельдік қаруларыңыз да жандарыңызда», – деп, жаны ашығанын білдірген. Тіпті қызметтік куәліктерін талап етіп, аты-жөндерін де атап тұр.Қазақ полициясының қадірін кетірмесе екен деймін. Бұл жағдай бірінші рет емес. Бұған дейін де осы секілді тәртіп сақшыларының тәртіпсіздігіне куә болдым. Заң бәрімізге бірдей. Қызметтік міндеттерін абыроймен атқарғаны дұрыс қой – дейді, Руслан Тілепов.«Мақсатым полицейлерді кемсіту емес, керісінше сын айтып міндерін түзеу», деген Руслан, дәл осы күні тағы бір тәртіп сақшыларының тәртіпсіздігін көріп жағамды ұстағанын айтады. Ол Өскемендегі Сәтпаев даңғылы 14/2 үйдің жанындағы тротуарда тұрған полиция автомашинасы екен. Адам жүретін жолды бөгеген бұл не бейбастақтық?!– Осы екі жағдай бойынша да құқық қорғау қызметкерлеріне арыздандым. Тиісті шара қолданатын шығар, – деген, Русланның сөзінен кейін біз де анық-қанығын білмек болып, Өскемен қалалық полиция басқармасына хабарластық. Бірақ, ондағы баспасөз қызметі бөлімінің мамандары бейхабар екенін айтты. Сәлден соң қайта телефон шалғанымызда сұхбат беру бойынша басшылықпен келісіп жатқандарын жеткізді. Соған қарағанда біреулері ұйықтап, енді бірі жаяу жүргіншілердің жолына шығып кетіп жүрген қызметкерлерінің жайын олар да естіп, білмеген сыңайлы.Фотоларды автор ұсынды.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42