Шымкент әкімдігі «Жезөкшеге» тапсырыс берген жоқ

08.06.2020, 10:18

112


Қоғамда әйелбаласының киіміне қатысты талас-тартыстың, қарама-қайшы пікірлердің көпекендігі рас. Шымкенттік режисер Серік Таласовтың «Жезөкше» деп аталатын ролигі(4-5 минуттық) қоғамдағы осы қарама-қайшылықтың дәл діттеген жерінен ұстағансияқты. Осы туынды туралы қазір ел ішінде пікірлер әрқилы. Тіпті оған Ақпаратжәне қоғамдық даму министрі Аида Балаева да үн қосты. Министр фейсбуктегіпарақшасында:

– Жергіліктіидеологтар мемлекетіміздің басты басымдықтарын ұмытпай, бейнероликтердің мазмұнына мұқият қараукерек деп санаймын. Әкімдіктер жанынан арнайы жұмыс топтары құрылып, олармемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында жәнеәлеуметтік желілерде жарияланбас бұрын егжей-тегжейлі талдап, іріктеп алғаныдұрыс,-деп жазды.

Осы себеп болды ма, әйтеуіршымкенттік атқамінерлер кеше, күннің жексенбі екендігіне қарамастан брифингөткізіп, «Жезөкшеге»  мемлекет тарапынанешқандай тапсырыс берілмегенін жария етті.

– Қала әкімі М.Әйтенов әлеуметтік желілерде қызуталқыланып жатқан бейнеролик жөнінде хабардар. Мұрат Дүйсенбекұлы арнайы тапсырмаберіп, бүгінде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындыларын алдағыуақытта арнайы жариялаймыз, – деді  қала әкімінің орынбасары А.Мамытбеков.

Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегібасқармасының басшысы Жандос Қалтаевтың мәлімдеуінше, әлеуметтік желілерде жиіталқыланып жатқан бейнероликке жергілікті бюджеттен қаржы қаралмаған. Олайболса, фильмнің соңында «Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының тапсырысыбойынша» деген сөз қайдан жүр?

– Жастар ресурстық орталығы ғимаратында бірқатар ұйымдармен түрлі шығармашылық бірлестіктердің кеңселері орналасқан. Оның ішінде «TALASFILM» киностудиясы да бар. Бұған дейін аталған киностудия насихаттық роликтертүсіру кезінде орталықтың логотипін пайдаланып отырған. Бұл роликке мемлекеттарапынан қаражат бөлінген жоқ. Ол «TALAS FILM» киностудиясыныңөз қаражатына түсірілген. Роликтің соңында«қолдау білдіреді» деген сөздің орнына «тапсырыс береді» деп жазылып кеткен.Бұл олқылықты байқаған соң, орталықтың логотипін алдырып тастадық,–деп жауап берді басқарма басшысы.  

Брифингке фильмнің режисері Серік Таласов та қатысты. Ол:

–Бейнероликте қателік бар шығар. Бірақ біздің түпкі мақсат – қазақтың ұлттықтəрбиесін сақтап қалу. Яғни, бейнеролик осы мақсатпен түсірілген. «Тəрбиетал бесіктен». Өзімнің өсіріп отырған үш қызым бар. Олардың келешегі меніалаңдатады. Сол себепті қоғамның осындай кейбір келеңсіз тұстарын ашық көрсетеотырып, қаз қалпында жеткізгіміз келді, – деп, фильмде әйелдер оранып, хиджап киіп жүруі тиіс деген идеяның жоқтығыналға тартты.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Шымкент



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Аурухана лезде толып жатыр – Нұр-Сұлтан дәрігерлері үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді
М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15