20.02.2020, 11:47
198
Қарулысержанттың әскери бөлімнен қашып кеткені туралы хабар әуелде әлеуметтік желілерде пайдаболып, ҚР Қорғаныс министрлігі енді ғана түсініктеме беріп отыр.
Минисрліктің мәліметінесүйенсек, әскери қызметке келісім-шарт бойынша шақырылған кіші сержант бөлімненөз бетінше кетіп қалған. Оқиға Шымкент маңында орналасқан әуе қорғанысыбөлімдерінің бірінде болған.
Министрліктегілер айтқандай, кіші сержант Балғымбайротасында кезекшілік атқарып жүрген екен. Қару сақталатын бөлмені тексергенде, бірнеше қарудың жетіспейтініанықталған. Қанша және қандай қару түрлері екенін әскери ведомстводағыларайтпады.
Қазір бірнешеқұзырлы орган қызметкерлері қашқын сержант пен ол алып кетуі мүмкін қарудыіздестіріп жатқан көрінеді.
Әлеуметтік желідетараған хабарда әскерден қашқан солдаттың 30 автомат, 27 тапанша алып кеткенітуралы жазған болатын. Бұл ақпараттың рас, өтірігі туралы Қорғаныс министрлігі анық мәлімет береді деп сенеміз.
ФОТО ашық ақпарат көздерінен
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР