Шымкент Оңтүстіктен бөліне бастады

05.06.2018, 21:34

19

Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сесиясында  қалалық әкімдік пен мәслихат  Шымкентке республикалық маңызы бар  қала мәртебесін беру жөніндегі шешімге қол қойды.  Енді бұл құжат Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қарауына жіберілді. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.Жалпы сессия уақыты алдымен сағат 12-ге белгіленген болатын. Кейін 10-ға ауыстырылды. Ақырғы сәтте сессия сағат 9-да өтіп кетті. Бар-жоғы жарты сағаттай ғана болған жиында қала әкімі Нұрлан САУРАНБАЕВ Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру жөніндегі мәселе бұған дейін қаланың қоғамдық кеңесінде қаралып, мақұлданғанын мәлім етті.-Шымкенттің мегаполис атануы қаланың дамуына көп мүмкіндік береді. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар көп. Мұның бәрі де сіз бен бізге байланысты,-деді қала әкімі.Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ:-Бүгін баршамыз тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Шымкент Қазақстанда айырықша маңызға ие. Миллион тұрғыны бар қала атану мақтанышпен бірге жауапкершілік жүктейді. Шымкенттің миллионыншы тұрғыны мамыр айында дүниеге келді. Бақытты баланың аты-жөнін кейін салтанатты түрде жария етеміз,-деді облыс басшысы.Айта кетері, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңға сәйкес халқының саны бір миллионнан асқан елдімекен республикалық маңызы бар қалалардың қатарына кіреді.Бүгін кешкі сағат бесте Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясы шақырылып отыр. Сессияда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы мәселе қаралмақ. «Оңтүстік Қазақстан облысының ендігі орталығы Түркістан қаласы болады» деген әңгіменің анық-қанығы бүгін кешке белгілі болатын сияқты.

Фотолар: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16