Шымкентте жерінен айрылған кәсіпкер жолды жауып тастады (видео)

Ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің құжаттарын үш айда реттеп, сатып аламыз депті шенеуніктер. Алайда кәсіпкерге көк тиын бермеген.

Сайт әкімшілігі

12.09.2023, 09:45

822

Шымкентте шенеуніктердің сөзіне сеніп жерінен айрылған кәсіпкер жолды жауып тастады. Соның салдарынан қалада көлік кептелісі болып, автобустар мен жедел жәрдем жүре алмай қалды. Жол түскен аумақты төрт жыл бұрын әл- Фараби ауданының әкімдігі алған екен. Бұл туралы ktk жазды.

Ауыл шаруашылық мақсаттағы жердің құжаттарын үш айда реттеп, сатып аламыз депті шенеуніктер. Алайда кәсіпкерге көк тиын бермеген. Есесіне бұл жерге тас жол төселіпті. Енді ақшасын даулаған азамат көшенің екі басына тас төгіп, қозғалысты жауып тастады.

Мал асырап төрт түлігіне осы жерден жем-шөбін дайындаған кәсіпкерге тиесілі телім төрт жыл бұрын әкімдіктің балансына өткен. «Астанадан премьер-министр келе жатыр, тезірек жол төсеуіміз керек» деген шенділер құжаттарын үш айда рәсімдеуге уәде беріпті. Бірақ одан бері талай жыл өтсе де, көк тиын төлемеген. Сондықтан кәсіпкер ұзындығы 750 метрлік учаскенің үстіне түскен асфальт жолға тас төгіп, қозғалысты жауып тастады.

Жол жабылысымен, көлік кептелісі болып, бұл маң иін тіресті де қалды. Тіпті жедел-жәрдемнің өзі шақыртылған жерге бара алмай, айналма жол іздеп сандалып кетті. Ал осы күнге дейін «жер салығын төлеп жүрмін» деген азамат бұл қадамға амалсыз барғанын айтады.

Бақытжан Ошақбаев:

— Сіздің жеріңізден осы жолдың бойына біз асфальт жол салайық, рұқсат беріңіздер біз барлық заңды тиісті құжаттарыңызды рәсімдеп береміз, өтемақы төленеді, айырып алу болып саналады деп уәдесін берді. Біз ол аудан әкімдігінің сөзіне сенгендіктен, рұқсатымызды бердік. Жер біздің өзіміздікі, өзіміздің құқымыз бар, асфальттың бәрін қопарып тастаймыз, сөйтіп өзімізге, кәсібімізге, мақсатымызға пайдаланамыз, бұл амалдың жоқтығынан

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 15:31
Геология комитетінің төрағасы елдегі жерасты суының қоры қанша екенін айтты
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:57
Министрлер мен әкімдер қазақ тілін білуге міндеттеледі
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:40
Прокурор Қайрат Боранбаевқа 6 жыл сұрады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 23:15
Азаттықтың Орталық Азия қызметтері құрылғанына 70 жыл толуына орай медиафорум өтті
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:45
Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің соты басталды
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:03
«Камызяки» КВН командасының Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55