02.09.2020, 07:50
107
Шымкент қаласын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін орталыққа айналдыруға мүмкіндіктер мол. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов әкімдәікте өткен жиында мәлім етті. Жиында қала басшысы экономикалық даму, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру, қоршаған ортаны қорғау, білім және денсаулық саласындағы мәселелерді атап, бірқатар орынбасарларына нақты тапсырмалар жүктеді.
-Шымкент қаласын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу орталығына айналдыруға барлық мүмкіндіктер бар. Түркістан және Жамбыл облыстарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін Шымкентте өңдеп, ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға сұранып тұр. Қалада мамандарды дайындайтын оқу орындары жетеді. Транспорттық-логистикалық желі дамыған. Төрт жолдың торабында отырмыз. Сондықтан, агроиндустриялық аймақты қалыптастыру жұмыстарын жеделдету керек. Орынбасарым Айбек Сәттібаев өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығын дамытудың 5 жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырамын, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР