Шымкенттің жаңа әкімін Құдайға теңеді

21.06.2018, 21:42

5

«Whats App» желісінде Шымкенттің жаңа әкімі Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВТЫ Иисус Христосқа теңеген сурет пайда болды.  Құдай бейнелі әкім суретінің астына «Ғабидолланың екінші келуі» деген жазу бар. Сурет авторының кім екендігі белгісіз. Бірақ Әбдірахымовты Шымкентке екінші қайтара әкім болуын өліп қайта тірілген Иса пайғамбарға теңегенін жұрт оншалықты ұната қоймаған сияқты.  Естеріңізге сала кетсек, «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметін атқарып жүрген Ғабидолла Әбдірахымов кеше кешкісін Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.Республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған Шымкенттің жаңа әкімін ұжымымен премьер-министр Бақытжан САҒЫНТАЕВ пен президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ келіп таныстырды. Бас-аяғы 5 минутқа созылған жиында президенттің тағайындау жөніндегі жарлығы оқылған кезде  залда отырғандар ду қол шапалақтап, ризашылықтарын білдірді.Әбдірахымов Шымкенттің әкімі қызметін 2015 жылдың тамызы мен 2017 жылдың қарашасы аралығында атқарған. Былтыр қарашада оның орнын Нұрлан САУРАНБАЕВ басқан болатын. Сауранбаевтың әзірге қандай қызметке барғаны белгісіз.Шымкенттің әкімі болған жылдары Әбдірахымов туралы ақпарат құралдарында түрлі теңеулер айтылып жүрді. Оны бірде «зың әкім» десе, бірде «әрбір сөзі хитке айналатын әкім» деп жазып жүрді.Әбдірахымов Шымкентке алғаш әкім болып келген 2015 жылы қаланың жаңа даму тұжырымдамасын бекітіп, егер алға қойған жоспарларын орындай алмаса, бес жылдан кейін командасымен қызметтен кетуге уәде берген еді. Әбдірахымовтың әкімдік дәуренінің екінші кезеңінде бұл уәде сақталады ма, егер сақталса,  мерзім 2015 жылдың тамызынан бастала ма, әлде 2018 жылдың маусымынан бастала ма?Бұл жағы әлі белгісіз болып тұр.Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтынан және «Whats App» желісінен алынған
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39