Шындығында, жанайқай!

Жазылған жайдың жаңғырығы

Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ

07.01.2021, 09:20

2786

Әлгі әзірде хат тасушы қыз «Жас Алаш» газетін алып келді. «Бүгін оқитын дүние көп», – деді қаршадай қыз. Шындығында, солай екен. Тоғжан Қожалиеваның «Жаңа парламентке бұрынғыдай ұйықтап отыратын депутаттар келеді (24.ХІІ.2020), М.Қалыбаевтың «Сайлау әділ өтсін десек...» атты мақаласы осы үшінші бетке орналасқан екен. Оқып шықтым. Шыны керек, қос автор жазылмайтын жараның ащы шындығын айтыпты.

         Автор «жаңа парламентке бұрынғыдай ұйықтап отыратын депутаттар келеді» дейді. Неге? Өйткені эфирде, партиялар тізімінде азаматтық позициясымен көзге түспеген үміткерлердің жүргені қынжылтады. Байқаймыз, айтқанынан шықпайтын, тәртіпті парламентке тап болғалы отырмыз. Биліктен қорыққан, қысым көрген партиялар қатыспай отыр. Қатысатындар ешқандай проблемаларды шешуге ықылассыздығы әлден-ақ сезіледі.

         Сондай-ақ осы беттегі Мақсұт Қалыбаевтың «Сайлау әділ өтсін десек...» атты мақаласы күрделенген мәселені тереңнен қозғаған. Сіз сеніңіз-сенбеңіз, сайлауға көпшілік қатыспайды. «Өздері дауыс береді, реттейді» деген пиғылды жиі естиміз. Парламент құрамына Е.Бапи, Е.Рақышев, А.Тұрсынхан, Ж.Мамайлар қатысса, халыққа біртабан жақындай түсу, жаңа бетбұрыстарға қадам жасалатынын, біздің де ойымызды ашық айтқаны байқалып тұр. Дауыс беру бюллетеньдерін лотерея билеттері тәрізді сериясын, көпсалалы нөмірлеп шығару керек, сонда бұрмалау болмас еді.

         Ертеде сайлауға деген жұртшылықтың ықыласы мүлде бөлек еді. Қазір ұрандатып, қысыр сөзді көбейтіп өрістету көз аштырмайды. Мен екі бірдей оқырманның пікіріне толықтай қосыламын. Авторлар М.Қалыбаев, Т.Қожалиевалар дер кезінде ащы шындықты боямасыз баяндап, азаматтық танытып отыр.

         Біз әлі де болса баяғы қызыл империяның қалыптастырған сүрлеуінен тазарып болмай жатқан сияқтымыз. Неге десеңіз, қазіргі үміткерлердің кейбіреулері дәрігерге көрінуге келгенде анализін тапсырған немесе биліктің белгілі бір сараптау тәртібінен өткен үміткерлерге ұқсайды. Содан болар, олар жаттанды сөзбен жұртты «баураған» болады. Міне, бұған тойтарыс беретін мезгіл туды. Ащы шындық ашынған кезде шығады. Мезгіл күттірмей айтылуға тиіс.

         Сіз не дейсіз, оқырман?

Тегтер: басылым оқырман ой пайым пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:57
Тоқаев тапсырмаса, Шөкеев те, Аймағамбетов те үнсіз
Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 20.10.2021, 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 20.10.2021, 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі
Еркежан АРЫН 19.10.2021, 14:40
еGov принциптері банктерді цифрландыру саласында қолданыс табуда
Сайт әкімшілігі 19.10.2021, 14:01
Алматыда "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы асында 1100-ден аса жоба қаржыландырылды
Нұрай РАХЫМ 19.10.2021, 12:49
Тағы да «СК-Фармацияның» жыры

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31