Шындыққа жеттік пе?

02.06.2020, 12:01

5

Қоғамда үлкен резонанс тудырған Дулат Ағәділдің Нұр-Сұлтанқаласындағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда қайтыс болуына байланыстытергеу ісі «қылмыс құрамы болмағандықтан», деген себеппен өндірістен қысқарды. Бұлтуралы Нұр-сұлтан қалалық прокуратурасының өкілдері хабарлады.

Бұл іс, шындығына келгенде, билікке оңай тимеді. Қоғамныңбилік тармақтарына деген сенімсіздігі бұрынғыдан да ұлғая түсті. Батысдемократтары әртүрлі саяси топтардың мәлімделеріне зер салды. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі,Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі мен Еуропадағы қауіпсіздік жәнеынтымақтастық ұйымы тергеуді ашық әрі әділ жүргізуге шақырған. Қазақстанүкіметінен ашық тергеуді талап етті. Бұрынғы нөмірлерде жазғанымыздай, бұл іскебелгілі адвокат Айман Омарова тартылған еді. Кейін, Дулаттың келіншегі ГүлнарҚасымханова Айман Омарованы «бізге істің барысы туралы ештеңе айтпайды» деп,айыптады. Ал Айман Омарова жауап ретінде «мені түрлі саяси топтар өз мүддесінепайдалануға тырысуда. Сондықтан, бұл істен бас тартамын» деп, ашық мәлімдеді.Дулаттың анасы Айманнан адвокат ретінде бас тартпайтынын айтқан еді. БірақАйман қайта оралмаған секілді. Әлеуметтік желіде Дулаттың қарындасы Айманғадеген өкпесін жайып салды. «Айман Омарованың менің отбасыма, әсіресе, жеңгемедөрекі сөйлегені менің жаныма батты. Айман Омарова, осы кезге дейін сіздің бірісіңізге араласып, сөзіңізге жағаласқанымыз жоқ. Өзіңіз бір эфиріңізде «мағанхабарласып, мазамды алмаңыздар» деп, айттыңыз. Сол себепті біз үндемедік. Сізтек анаммен сөйлесіп отырдыңыз. Бірақ анама не істеп, не айту керектігіне дейінайтып отырдыңыз. Мұның барлығын білеміз, хабардармыз және түсіністікпенқараймыз. Дегенмен, отбасымыздың арасына іріткі салудың қажеті жоқ. Сізарандатты екен деп, біз өз арамызда ұрысып қалмаймыз. Бұған дейін ұрысып, жағажыртысып көрмедік, бұдан кейін де ондай жағдай болмайды… Біз сізден ештеңесұрамадық, талап етпедік. Осыған дейін үндемедік. Бірақ белсенділер араласабастағанда, сіздің кім үшін жұмыс істейтініңіз белгілі болды… Сізденкөңіліміз қалды. Анама хабарласып, мазасын алмаңыз. Осыған дейінгіэфирлеріңізде нақты ештеңе айтылмады. Артық сұрақ қойғандарды бұғаттайбастадыңыз. Менің  де сұрағымды жауапсыз қалдырдыңыз. Сіз биліктегілердіңемес, қорғалушы азаматтың құқығын қорғауыңыз керек. Артық сөйлеудің керегі жоқ.Өмір алда, әлі талай кездесеміз» деп,мәлімдеді.

Бұдан кейін, бұл іске адвокат ҒалымНұрпейісов араласты. «тергеу барысында құпияны жарияламау туралы» қолхатқа қолқойғаны себепті, ол баспасөзге артық ақпарат берген жоқ еді. Енді Нұр-Сұлтанқалалық прокуратурасы «Ағәділдің өліміне жүрек жұмысының жеткіліксіздігі, яғни,инфаркт себеп болды», деп хабарлап, қылмыстық істі өндірістен толық қысқартқансоң, Ғалым Нұрпейісов барлық жағдайды егжей-тегжейлі айтады деп үміттенеміз.Жұмбақ өлімнің шешімі сол кезде ғана анықталатын сияқты.

Тоқтар ЖАҚАШ

«Жас Алаш»


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04